Сенбесеңіз, тыңдап көріңізші…

4 пікір

Былтыр «Радиожурналистика» деген сабақ оқыдық. Ол пәннен Клара Қабылғазина, Гүлнұр Омарханқызы атты апайларымыз тәлім үйреткен. Содан, не керек, радионың қыр-сырын біраз үйренгендей болдық кәдімгідей. Қалай сөйлеу керек, интоноцияны да ырыққа көндіре білу деген секілді. Әр студент өздерінің жеке бағдарламаларын да жасап шығарды. Тіпті, кейбір студенттердің жасаған жобалары үздік шығып, Қазақ радиосының да эфирінен тыңдарманға жол тартып жатты. Негізі, бір байқағаным – радиоға жасандылық жат дүние екен. Қалай құбылсаң да, бәрібір тыңдарманың байқап қояды. Бізге үйретілген басты қағидалардың ішінде бұл да бар. Өзім үнемі «Қазақ» радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасын тыңдап жүремін. Содан, айтқым кеп отырғаны – «Ақтілек» бағдарламасы жайында…жоқ, бағдарлама емес-ау, соны жүргізген – Бақытжан Жармұхаммед деген жүргізуші, жүйке талшықтарымның «шалқасынан түсуіне» біраз әсер етті. More

Біздің жігіттерді Обама шақырып жатыр!

11 пікір

Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшілері:)

Дееп бастасам, қызық шығар иә:). Бұл екі жігіт, өз-өздері басқа тілде шүлдірлесіп, бірдеңелерді жазып-сызып, адам түсініп болмайтын ережелерді ежіктеп жүруші еді. Сөөөйтсек, олары – ағылшын тілі екен🙂 Біз енді аталмыш тілді соншалықты қаға қоймайтын болған соң, нені жаттап жүргеніне де назар аудармағанбыз ғой. Біреуі – Мойынқұмның мырзасы, екіншісі – Ұлытаудың ұланы. Ырыс пен Асқарбек деген жігіттер. Асекең күй тартады, (өнерлері турасында бұл блогтың бас жағында толығырақ айтылған) поэзияны да керемет етіп оқуға құштар, бір жыл бойы «Адырна» рухани клубының  факультеттегі жетекшісі болды. Күйшілігінің арқасында Израильге барып та келді. Тізе берсең, жетістіктері жеткілікті. Таланттылығының арқасында ағылшыншаны да ұршықша үйіріңкіреп, енді, өзінің айтуынша Вашингтондағы Ақ үйдің қасындағы бір мекемеде жұмыс жасамақ. «Сол жерден Обамаға да сәлем айтып тұр бізден» дедік:) More

Жатақхана қызықтары – 1 немесе шаянның етінен жеңіз

3 пікір

Жатақханада небір қызықтар басыңыздан өтеді. Аш жүрсең де, өміріңе риза болып жүресің дегендей Әрине, дегенмен аш жүрген ешкім жоқ, Алла осы күннен айырмасын. Еркебұлан Кенеханов деген ақын жігіт былтыр жатақханада менімен бір бөлмеде тұрған. Содан, бір күні Ерекеңнің ауыл жағынан, бір дорба ауылдың тәттісі мен ет келді. Екеуміз, содан қос білекті түріп тастап, әлгі етті асуға кірісіп кеттік. Ауылдың жасы-кішісі қалмай жиналғаны секілді, жатақхананың да тайлы-тұяғы қалмай жиналды біз жайған дастарханға. More

Сүйінші! Жақсылық Қазымұраттың алғашқы жыр жинағы турасында

8 пікір

 

 

Кеше біздің факультеттің, Алла қаласа 7-8 жылдан кейін барша қазақ танитын, елдің ақыны – Жақсылық Қазымұраттың алғашқы жыр жинағы жарық көрді. Бұл жалғыз Жәкең үшін емес, барлығымыз үшін де нағыз қуаныш болды. Біраздан бері, “баспаға кетті, әне шығады, міне шығады” деп бірдеңелерді бықсытып жүретін:) Жәкеңнің, таза,шынайы поэзиясы,яғни,осы кезге дейінгі дүниеге келген туындылары бір кітапқа сұранып жүрген. Міне, соның сәті түсіп, кеше Жақсылық, өмірдің, шығармашылық жолдағы бір белесін бағындырғандай болды. Кітаптың аты – “Қарала сырмақ”. Көршінің қызына ғашық болып, ақыры махаббаты жауапсыз аяқталатын сюжет арқау болған бұл өлеңі бәрімізді күлдіріп ғана қоймай, әрі ойландырған да.   More

«Студенттік Таразының» түсірілімі туралы

4 пікір

Басты кейіпкерлері өзіміздің 2-ші, (енді бір емтиханнан кейін 3-ші) курстың жігіттері мен қыздары болып табылатын «Студенттік Таразының» теленұсқасын жасасақ деген жоспарымыз бар болатын. Бұл жазбаны әуелі, қолмен жазып, достарыма оқып беріп жүретінмін, одан ептеп блог ашып, ғаламторға жарияладым. Содан өзіміздің идеяшыл жігіттермен ойласа отырып, теленұсқасын дайындауды ойластырып жүр едік. More

Тұрлыхановпен тілдесу немесе мен қалай алдандым?

11 пікір

Розатайдың блогына кірсем, былтыр Рауан екеуінің «Жігіттер» тобының мүшесі Бағланды қалай алдағанын жазған екен. Бұл приколға біз, сол оқиға болған күннің ертеңіне-ақ қыран-топан болып күліп алғанбыз:) Әлгі жазбаны оқып отырып, өзімнің алданғаным есіме түсіп кетті. More

«Еркін Рахышев – қазақ халық киносының негізін салушы»

7 пікір

Рахышевті не мақтағалы, не жамандағалы отырған жоқпын. Бүгін, яғни жұма күні сағат 4-5 тердің шамасында режиссер ағамызбен жолықтым,сұхбат алу үшін. Рахышевтан сұхбат алуға бара жатқанымда, біреулер «ой, сен де сұхбат алатын адамды тауыпсың» десе, біреу «Соншалықты Рахышевтің деңгейіне төмендеген журналистер-ай» деп әзіл араластыра қақшып өтті. Не болса да, тәуелсіз режиссер ретінде бірер ауыз пікір алғаным жөн деп санағанмын. Сонымен Еркін ағамыз не айтты? Маған ең қызық көрінген бірер пікірлерін айтып өткенді дұрыс көрдім, More

Жалқаулау «жырау», атақсыз «актер» жайында…

15 пікір

«Топтастарым» деп бастасам, құлақтарыңызға түрпідей тиіп жүрер, одан да группаластарым деп «қазақша» бастайын:)Иә, группаластарыма арнап жүрген, әзілдерімнің сериясын жалғастырғалы отырмын. Бұл жолғы кейіпкер – Үмбеталы. Әрине, Үмбетті біреу таниды, біреу танымайды, бірақ бұл жазба – жатақханада тұрған, студенттік өмірдің қызығынан дәм татқан әрбір адам үшін, танысын көргендей әсер қалдыратын шығар More

«Студенттік Таразы» тележобасында – Жақсылық Қазымұрат

15 пікір

“Студенттік Таразы” бағдарламасының орта шеніне келіп қалғанда, теледидар қостым деп ойлаңыз

Бұл жазба “Таразының» форматы өзгермей тұрғанда жазылғанын естеріңізге саламыз

Айтпақшы, студенттік әзіл болғандықтан, төмендегі жазбада ешқандай саяси астар жоқ екендігін ескерткім келеді.

 

Жүргізуші: «Денсаулық,зор байлық». Алайда бұл жалынды сөз,асқақ афоризм ретінде қалып бара жатыр. Бүгінгі жастардың көбісі темекі мен сыраға әуестеніп алып,енді бар ақшасын соның жолында құрбан етіп жүр. Айтпақшы, кітап пен ноутбукқа көп қарау да денсаулыққа зиян екенін ұғынбайтын жастар бар. Журналист Умбетәлі Меймештің арнайы сюжетіне назар аударайық! More

САҒЫЗдың соры мұндай болар ма

9 пікір

 

Атының кім екенін айтпай-ақ қояйын, бүгін бір дос баламның басына сағыз жабысып қалыпты. Оны мен байқамағанда сонысымен көшеге шығып жүре беретін түрі бар екен. “Өзім сағыз шайнамағанмын” деп ақталады әлгі досым, “ендеше сайтан жабыстырып кеткен бе басыңа” деп, сағызды алу үшін үлкен іске кірісіп кетті.Бұл шаруа екеуміздің қолымыздан келе қоймады. Содан, “Алматықұрылыстың” арнайы “экскаваторын” шақырып, досымның басын тырналауға кірістік. More

Older Entries