«Арзанға» барғандағы «арзан» матч…немесе жарты алаңда ғана өрбіген ойын туралы

1 пікір

Ұлттық құрама жеңілсе де, жеңсе де ойынын жібермейтін жанкүйерлердің қатарындамын деп толыққанды айта аламын. Алайда кешегі ойынды мемлекеттік арналардың ешқайсысы таратпайтын болғандықтан, сол баяғы Жақсылық екеуміз «Арзан» жақты бетке алдық. «Арзанның» қасындағы  үйлердің бірінде Жәкеңнің ағасы қоныс тепкен. Басты мақсатымыз – матчты көрсететін сол үйдегі көк жәшіктен «Спорт кз1» -дің алдын тосу. Сонша жерден арып-ашып барғанымызда ойыншылар үмітімізді ақтамады, шыны керек. Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынына шыққан Логиновский, алғашқы минуттарда әжептәуір қалтырап-дірілдеп зәремізді қашырған. Ақыры, Белгиялық сойқандар дегеніне жетіп тынды. Аяғында добы жоқ ойыншыны, шалып құлатқан Карповичтей футболшыны бірінші рет көруім. Құрама сапында есімдері алғаш аталып тұрған – Кургулин мен Тәжімбетовтердің де аяғына доп тиген-тимегенін дөп басып айту қиындау. Бельгиялық шабуылшы Азарды жиберіп қоя бергеніміз қандай қателік болды,ә? Айып алаңында төрт қорғаушы, плюс қақпашы – бесеулеп жүріп бір Азарға ие бола алмадық. Ойынның соңына таман, қобалжығанымыз сонша, біздің ойыншылар қай қақпаға доп бағыттау керегінде ұмытып қалса керек, Евстигнеев автоголдың авторы атанды. Ойынға тыңнан қосылған Остапенко, қарсыластың айып алаңына барып «құлап бермегенде» есеп айырмасын да қысқарта алмаушы едік. Негізі, Логиновскиді кінәләуға келмейтін сияқты. Обалына не керек, қаншама соққының жолына бөгет болды. Шабуылшыдан бастап,10 футболшы қорғаныста жатқанда қақпамызды ашып бердік төрт мәрте. Тек, айтарымыз Беранектің жастарға жасаған «сынағы» өте сәтсіз аяқталды. Енді Австриямен болатын ойында, қорғаныста қобалжымай, шабуылда шашау шығармай ойнауға тиіспіз. Болмаса, жанкүйер қауым кеше қоймайтын шығар.Десе де, біз өз құрамамызды сүйе білу керекпіз. Үмітсіз шайтан ғана. Аа, айтпақшы таңертең Жақсылық ашулы. «Қанша жерден, екі автобус ауыстырып мініп келгенімізде, көрейін дегенім осы нәтиже ме еді…» деп.

Advertisements

Кешегі Қожа мен бүгінгі вундеркиндтер

Пікір қалдыру

Қожа

Қожа

Жұртқа ақыл айтып, кеңінен толғанып, пәлсапа соғатын ойым

болған  емес ед, о баста. Факультетте Мұрат ағай, таңдау пәнінен бүгінгі бала образына қатысты шығарма жазуға тапсырма берген соң, сүйкелегем бірдеңе. Өзімнің жеке блогымның бар екені есіме түсіп кетіп, жариялағанды жөн көрдім :).

Кинодағы келеңсіз эпизодтың алдын жауып қаламын деп, кішкентай жиенімнен кәдімгідей ұрыс естігенім бар. Қай фильм екені есімде жоқ, шетелдің бір шедеврінде қыз бен жігіт енді сүйіскелі тұрғанда, бір затымды алмақшы болып теледидардың алдына барып қалсам керек. «Ееей, былай тұршы-ей» деп ашуланған 5 жасар қарындасым, одан өзге де небір ескертулерді қарша боратып тастады. Біздің кезімізде сериалдың сағатын тосып, махаббатқа толы мелодрамалар қарамақ түгілі, май жағылған нанымызды ұстап, бір шыбықтан Байшұбар жасап, лағып жүретініміз рас ед.  

Кішкентай ғалым

Кішкентай ғалым

Қазіргі балалалар мүлде басқаша. «Қожаның» хикаясынан гөрі, «Человек Паук» пен «Гари Поттер» ағайдың дүниелерімен тыныстағанды ұнатад. Олардың алдында «Аватарды» көрмедім десең, «Абай жолын» оқымадым деп, бетіңнің ұшы қызарғанмен бірдей екені де рас. Түсіру сапасы мен түпкі идеясы жайлы сөз қозғамағанның өзінде, «Кунг фу панда» мен «Тачкиді» тамсанып көретін бүгінгі балғындар, «Алты жасар Алпамыс» пен «Қарлығаштың құйрығы неге айырға» пысқырып та қарамайды. Ұялы телефонында «Қоңыр» тобының «Алтын бесігі» жүрсе, «мамбет» деп мазақ қылатындардың да басым бөлігі, осы 15-16 жасқа дейінгілерден. Бүгінгінің «Қожаларын» «Музарт» пен Мейрамбектен гөрі, Питбулдың репертуары көбірек қызықтырады. Әрине, өзге жұрттың тілін түсініп, әнін ұғынған да дұрыс шығар. Әйткенмен, ол қадамға, алдымен өз ұлтыңның мәдениетінен аттап бару – бүгін, ертең емес болашақ үшін қауіптірек құбылыс. Майқанованың шәкіртінің адалдығын, аңғалдығын бүгінгі балалардың бойынан таппаймыз деп кесіп-пішіп айту, Қазақстанда мұнай жоқ деп айту секілді қып-қызыл өтірік болар еді. Сол мұнайды, өзге елдердің жусатып-өргізіп, арнасын өздеріне аударып жатқаны секілді, жас балғындардың санасын да шет елдер, өз ыңғайына қарай бейімдеп жатқандай көрінеді маған. Мәрт пен Пелиннің, Мелих пен Дениздің махаббат хикаяларын жатқа соғатын періштелеріміз үшін, дәл қазір Төлеген мен Жібектің ертегісі қызық болмай тұр. Бұл айтқандарды қазіргі балаларды түгел қаралау деп түсінбеген де жөн. Қоғамдағы қалыптасып келе жатқан болмыс осындай. Бетховен сияқты 5 жасында музыка жазып, жұртты аузына қаратқандар да жоқ емес дейді білетіндер. Біздің ауылдағы 5 оқитын Бәскеннің агенттің құлағында ойнайтыны да қазір қызық болмай қалған. Өсе келе, көріп,біліп, түйсініп жатқандармен қатар көріп,біліп туып сүйсінтіп жатқандар да бар екен арамызда. Таланты тас жарса жас ақын Жамбылдай болып алсын. 10 жасында Астанада кеш өткізіп, Құл-Мұхаммед келіп қолынан алып, Жолдасбеков концертін жүргізіп, Оңғарсынова «әлем әдебиетіндегі құбылыс» деп бағалап, Президенттің өзі басынан сипап, робот сыйлап, оны Жамбыл «неге кітап сыйламады» деп жақтырмағаны – бүгінгі бала образының қаншалықты күрделеніп жатқанынан хабар берсе керек.  Жамбыл сияқтының ауылда талайы болған. Сондай балдардың біразы қазір – Астанада калкуляторға шұқшиятын мамандықты игеріп жатыр. Біреудің сыртынан мынандай деп, анықтама беру – қиынға айналған заманда, Жамбыл секілді бундеркиндтер туралы да дәл қазір тіс жару – қиындау. Жамбыл Жамбылдай ақын болып, сол атағы сенің тақияңа тар кеп жатса көрерміз. Францияға барған бір ағамыз, «осы кіп-кішкентай болып алып, француздың балалары, қалай французша сайрайды-ей» ( тырнақшаның ішіндегі сөз – бір журналистің қорынан алған) деп таңғалған көрінеді ертеректе. Біздің басымызға да соған ұқсас жәй келіп тұр қазір. Ауылда «менің атым-Қожа» мен осы тектес фильмдерді көріп, Соқпақбаевтың кітабын сүйіп оқитын өз басым, қалаға келгенде, «кіп-кішкентай қазақтың балалары, қалай орысша сайрайды-ей» деп таңғалғанымда өтірік емес. Қожаның дәуірі мен біздің заманды шектен тыс салыстыру да, қазіргі балғындарды батысшыл қылып көрсетіп жіберуі мүмкін. Интернет пен электронды технологиялардың дамыған заманында өмір сүріп жатқан бала,рас қандай болуы керек? Балаңыздың есек-арба итеріп жүргенінен гөрі, машинасының есігін пултьпен ашып-жауып тұрғанын сіз де көргіңіз келед. Батысшыл деп кінәласаңыз – әлгі интернет пен өзге де техникалардың тілі, қазақ емес, солтүстіктегі көршіміздің тілінде сайрап тұр. Демек, бұл жерде басты рөлге – бала емес, ата-ана шығады деген сөз. Әке-шешесі қалай үйретіп, қайда жөн сілтесе – бала да сонда жүретіні ақиқат. Алайда небір зұлматтан аман қалған қазақтан, кешегі Абай мен Мұхтардың жолын қуатын, қазақтың дәстүрін сақтайтын білекті ұл, қылықты қыз тумайды деу де күпірлік. 

ФУТБОЛ-Ф(П)ОЭЗИЯ

Пікір қалдыру

 

Болашақ жеңімпаз Қазақстан!

Маза кетіп бұзылады шырқы көп,

Дей алмайсың талайларды “жыртып ек”

Бүкіл әлем, ойынына тамсанар,

Біздің футбол,шығар қашан дүркіреп?

 

Біреулер жур,казіргі ойын – тема деп,

Ал утылса, төмпештейміз “өләәә” деп.

Рас,казір етек-жеңін жинады,

Бірдеңе деп айтқан, сірә, Беранек?

 

Футбол емес – боска журу,тепкілеп

Жетіспейді,бізге шалттық, от-жүрек.

Англяның қақпасына гол соққан

Көкей шалдың ұрпағы,бірақ,ептірек.

 

Кезің қашан, қарсыласты “асайтын”?

Ол күндерде кеп қалар-ау, рас,айкын

Күн де туар, мактанышпен айтатын

“Сергейлер деп сенсация жасайтын”

 

Рас біздің, біраз доптар жеткен жок

Гол соқпасаң, нәтижең не – көп терлеп.

Демирелдің төбе шашын тік тұрғызд

Қонысбайдың немересі тепкен доп.

 

Армандаймын бағымызға, болса ғой деп, гол – себеп

Ғайыптан тайып үздік ондыққа кірсе деп.

Ұлан десе, алыстан қашып Азияң

Кәрі құрлық, бізден ығып жүрсе деп

 

Көңілімде бүр жарады қаншама ой

Бір арман бар!сол шындық боп қалса гой

Одан өзге сурамас ем біздерге,

Орындалса – ашылар ед жан сарай.

Біздің ұлттық құраманың үздігі

Аяққа доп, байланғандай ойнайтын

Лионнелдін Мессиіндей болса ғой!

Иіс және сүйіс – бүгінгі жастардың талғамы…?

6 пікір

Бір дос жігіт бар. Өзін «өнер десе ішкен асын жерге қоятындардың» қатарынан санайды. Дауысының қай жерге дейін шабатыны – маған аян,әрине. Әнші болам деп кейде аптығып кеткенде,айтамын – шамалы өзіңнің де дауысыңа қарасаңшы деп. Қолына ұстап әкелген мәтінін көріп ыршып түстім. «Ойлай бермені» 32 рет қайталағаны секілді, әлгі мәтіні де өлеңсымақ бірдеңе екен. Бірақ, ол айтад – «сөзім солғын болғанмен, әнім әдемі, қаржым қалтамда. Жеңіл сөзбен-ақ жұлдыз боп кететін шығармын» деп. Осыдан соң биыл қақаған қыста – «Таразыға» сюжет жасағанмын ән мәтіндері жайында. Содан «ойбуйуу,әрине» дедім мен. Ол сияқтылардың «ксерокопиясы» толып жүр ғой қазіргі эстрада да. Сөзі бір жақта, сазы екінші жақта қуып жүреді. Барлығы сондай деп,кесіп-пішіп айта алмаймыз, дегенмен мәтініне мән бермейтін, даңғаза-шу музыканы керемет ән деп түсінетін әншілер салыстырмалы түрде көп секілді. Әнші Айқынның айтуынша, иіс пен сүйістің құдіретіне таңдану, бүгінгі жастардың әнұранына, айналуы керек екен. Ол бүй дейді:   More

«Қарлығаш қыз» және…ой,сол махаббат ғой

8 пікір

Бұл Жақсылық деген шырақты, Абай соншама жарнамалап кетті ғой деп сөккеніңіз дұрыс бола қоймас :). Өзі ғой, тып-тыныш жүрсем, адамның тілін қышытып бірдеңелерді тауып беріп жүреді. Алмираға өліп-өшіп ғашық болғанының өзі, неге тұрады деймда :). Ақын болып, сырт көзге сабырлы-салмақты болып жүргені, соңғы 3-4 жыл шығар, бұл қарағымның. Болмаса бар ғо, ауылында таааза жынды болған-…….мын дейді өзі. Жәкеңнің жасы 4-5 ке келген кезде, ауылда радиоқабылдағыштың енді шығып, жұрттың бәрінің ауызын ашып, көзін жұмып жүрген кезі болса керек. Жақсылықтың үйіндегі радиоға барша көрші-қолаң, ауыл-аймақ келіп, жаңалық тыңдап жатады. Диктор – дауысы сыңғыр қаққан бір қыз. Содан, біздің әлгі қағып кеткен, қолына балтасын алып, «радионың ішіндегі қызды көрем» деп, қабылдағышты ортасынан қақ бөлген көрінеді :). Қала берді, үйінің жанындағы тастың артына жасырынып отырып, қаннен-қаперсіз асау ат мініп өте бергендерді, оқыстан шыға келіп үркітіп, өзін есі кірем дегенше батыр санап жүргені де жасырын емес екеееен. Тек шалдың баласы болып, ешкім тиіспейтін болған ғой Жәкеңе. Өткен-кеткенді «Таразылаған» қызық,әрине. Бірақ, «Әңгіменің ашығына» көшсем, Жәкеңнің ғашықтығына қатысты, бірдеңе шимайлағанмын біраз уақыт бұрын. Соны, бүгін көрсетсем деп едім…оқып көріңіздер. Поэзияның жілігін шаққан адам емеспіз,десекте өзіміз үшін түртіп жүретін өлеңдердің қатарынан. More

Кризи и и с…на ғалам-төре

2 пікір

Өткееенде, қай күні екені нақты есімде жоқ…1 жарым…ай-дай бұрын-ау, еліміздегі барша блогтар жабылып қалған болатын. Шабытымыз енді-енді күшіне мініп, әр жазылған пікірге балаша мәз болып, өзімізше титың-титың етіп бірдеңелер шатпақтаудың қыр-сырын түсініп келе жатыр едік, шорт етіп «алтын көпіріміз» үзілді де кетті. Бірқатар «жолаушылар» «шолп-шолп» етіп «суға» секіріп, жан-жағына, жоғарыға ұзааақ қарап, есін жинап, ойын білдірудің басқа жолдарын іздей бастады. Кейбіреулері «Өрдпреске» параллель тұрған, «Казжур» атты көпірдің жалына жармасып, әуелі салбырап,артынша оның да мінезін игеріп, тіпті біразы жусатып-өргізуге көшті. Базаар жоқ, «Wordpres-тің» «Kazjur-ға» ауысқаны болмаса, баяғы сол блог. Дегенмен, блогтар алғаш жабылып қалған уақытта, блогшылардың біраз уақыт абдырап қалғаны рас. Айтайын дегенім, кейін «WordPress» қайтадан ашылғаннан кейін де блог беттерінен мен белсенді қимыл байқай алмай жүрмін. Әрине, бірді-екілі жазбаларды көзім шалады. Әйткенмен, баяғы күйі жоқ секілді. Шынымды айтайын, менің де блог бетінде шимайлауға зауқым осы күндері соншалықты, бұрынғы қарқын секілді соғып жүрген жоқ. Мүмкін,уақытша кезең шығар… Өзім қатарлы, жас блогшы қыз-жігіттермен де сөйлессем, осы пікірді айтад. Не болса да, ғаламторда біз үшін рухани бір кризис болып тұрған сияқты. Бұл пайымым үшін,ешкім жағамнан алып, сөзің қате деп жала жаба қоймас. Жеке пікірім болғандықтан, осылайша жариялауды жөн көрдім.

«Қайраттан» қашқан күн…немесе фанат болу – понт болу емес

12 пікір

 

"Ақтөбе" жанкүйерлері, біз анааааау үстіндеміз 🙂

 

Қай күні екені есімде жоқ…әйтеуір Орталық стадионда “Қайрат” пен “Ақтөбе” ойнаған күні … футбол көруге бардық. Әйгілі футбол фанаты – Ақырыс , поэзия перісі (өзінің айтуынша – футбол сарапшысы да екен) – Жақсылық, сосын футболдың иісі мұрынына баратын-бармайтынын тошна білмеймін, яғни Аршын,сосын мен, төртеуміз көзіміз бақырайып отырмыз, ең жоғарғы қабатта. Ақырыстан басқамыз, ілініп-салынып 6-дан өте жеттік стадионға. Ақырыс “Ақтөбенің” жан-күйері болған соң, үшеуміз Ақтөбелік команданың фанаттарының қасында отырмыз. Құрсееен, айғай-шу, барабанның дүрсілі, дұрыс тебе алмағанды “әке-шешесінен түгелдеу”, жақсы ойнағанға марапат айту, әйтеуір бәрі қалып жатқан жоқ:) . Сөөөйтсек, әлгі Жақсылық қаптаған “Ақтөбенің” ортасында отырып алып, “Қайраттың” ойынына сүйсініп болатын емес. Аршын екеуміз “Әй, Жәке қоя қойсайшы енді, сәл-пәл жан-жағыңа қарап қойсаңшы” дейміз сыбырлап. Оған болатын Жақсылық емес. “Ақтөбенің” қорғаушыларын жерден алып, жерге салып, Сүймағамбетовтың (“Қайраттың” ойыншысы) әлі күнге ұлттық құраманың есігінен сығалай алмағанына күрсініп-күрсініп алады қайта-қайта. Рас ғой енді, тебініп тұрған жанкүйерлерден бәрін күтуге болады. Өздері онсыз да ұтылып, салылары суға кетіп тұрған кезде, ортасында от тастап отырған “шпион” бар екенін білсе,

More

Older Entries