Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшілері:)

Дееп бастасам, қызық шығар иә:). Бұл екі жігіт, өз-өздері басқа тілде шүлдірлесіп, бірдеңелерді жазып-сызып, адам түсініп болмайтын ережелерді ежіктеп жүруші еді. Сөөөйтсек, олары – ағылшын тілі екен🙂 Біз енді аталмыш тілді соншалықты қаға қоймайтын болған соң, нені жаттап жүргеніне де назар аудармағанбыз ғой. Біреуі – Мойынқұмның мырзасы, екіншісі – Ұлытаудың ұланы. Ырыс пен Асқарбек деген жігіттер. Асекең күй тартады, (өнерлері турасында бұл блогтың бас жағында толығырақ айтылған) поэзияны да керемет етіп оқуға құштар, бір жыл бойы «Адырна» рухани клубының  факультеттегі жетекшісі болды. Күйшілігінің арқасында Израильге барып та келді. Тізе берсең, жетістіктері жеткілікті. Таланттылығының арқасында ағылшыншаны да ұршықша үйіріңкіреп, енді, өзінің айтуынша Вашингтондағы Ақ үйдің қасындағы бір мекемеде жұмыс жасамақ. «Сол жерден Обамаға да сәлем айтып тұр бізден» дедік:) More