Жапонияға барған қыз

9 пікір

               Осыдан екі апта бұрын біздің редакциядағы Айзат Меңдешова Жапонияға барып қайтты.Жапониядағы жер сілкінісіне қатысты,сюжет түсіріп қайту үшін. Әрі ойламаған жерден. Дереу басшылардың бұйрығымен, құжаттарын реттеді де Күншығыс еліне тартты. Қызық болғанда,осының сәл-ақ алдында Айзат «Таразыға»авиация жайлы,бізде мықты ұшқыштардың жеткіліксіздігі туралы «сойып тұрып» сюжет, стюардесса болып стендап жасаған болатын. Сөйтті де өзі екі кун өтер-өтпестен ұшаққа мініп,ұшып кетті:)Содан 5-ші жатақханаың 403-і бөлмесінде ойыма «керемет» идея келіп, пытырлатып қағазға түсіріп тастадым. «Жынды» өлең деп мақтай алмаймын,әрине, дегенмен әл келгенінше жазуға тырыстым.Оқып көріңіздер!

Айзат және Аэропорт

Ал тыңдаңдар,бұл шынайы туындым,

Ой ғажап ай,ойым неткен қырағы,

Кеше тағы, «один» мәрте ұғындым

Мынау өмір,сәйкестіктен тұрады.

 

Авиация жайлы айтып,Айзат қыз

Ойнап еді кеше біраз «пышақпен»

«Ұшақ» жайлы сюжет жасап сенбіде,

Дүйсенбіде ұшып кетті ұшақпен.

 

Жапондардың жеткізем деп зар мұңын.

Кеудесінде туып қалар ұлы ұшқын.

«Қойшейш» дейтін БАТЫСТЫҢ қызы ал бүгін.

Жүрегінің дүмпуін баспақ ШЫҒЫСТЫҢ.

 

Сьемкаңды дұрыс жаса,Айеке,

Екі елді сөздеріңе тең бөлеп

«Стюардесса боп-ақ адамсың ғой жүретін»

Ұшақ жайлы сюжет жасап нең бар ед.

 

Бар сәйкестікпен мұныменен бітпейді,

Сюжетіңді қылып жібер мақала,

«Хат»туралы жасап қойып сюжетті,

Прикол хат жазып отырм,о тоба!

 

Атқыласын осылайша жыр көрік,

Естелік боп қалар бәлкім мәңгілік.

Қалып жүрме,бұл өлеңді шын көріп,

Болсын дегем жай әшейін әңгіме.

Мұның өлеңінің оқиғасы Айзат жайлы болғанымен,аэропорт туралы өрбімеді ғой деп таңқалмаңыз. Екеуіде «А»дан басталғасын буын үндестігіне бола қоя салғанмын. «Чем» «Айзат және Жапония» дегенге қарағанда «фигурный» тақырып ғой:)

Месси-Касильяс 2:0

6 пікір

Кешегі ойында «Реалдан»  «реално» ойын күткенмін. Мауриньо  менің сенімімді ақтамады. Группаласым Нұршапағат «Реал алға,Барселона фуу» деп ұран тастап, оған қосылып мен желпініп, кәдімгідей жанкүйер болып,ұйқыңды қиып түннің бір уағына дейін көргенде бақандай екі гол жіберіп алғанын айтсаңшы. 1 тайм тартысты өтті. Бірде Марсело сол қапталдан суырылып шығып, «Барселона» қорғаушыларын тықсырса, Роналду мен Арбелоада шабуылдағанның ырымын жасап қойып ғана жүрді. Ал Испания біріншілігінде 31 гол соғып, екі доп артықшылықпен Роналдудан алда келе жатқан Месси өзінің еншісіне тағы екі доп жазды. Кешегі кубокта кеткен еселері бар, «Барсалықтар» әбден ашуға мініп ойнады екінші таймда. Тіпті, бірінші таймда Арбелоа мен Алвеш, Серхио Рамос пен Афеллайлар жаға жыртыспаса да, кәдімгідей текетіресіп қалғанын да байқадық. Иә,мұндай көріністер өте жиі қайталанды.

Мен енді Ерлан мен Ақырыс немесе «Аламандықтар» секілді бүге-шігесіне дейін талдап, жілігін шағып,майын ішіп жаза алмаймын. Мүмкіндігімше өз ойымды, «Реалдын» ұтылғанына өкініш білдіріп жатқаным ғой. Әрі өзім ойынды аяғына дейін де көрген жоқпын. «Таразының» мәтінін жазып,Астанага жіберемін деп түнгі 2-ге дейін жұмыста отырдым да,ойынның 60 минутына дейін көруге шамам жетті. Қарымта ойында қарсылық күтеміз.Уайымдама,Шапагат:)

Асқарбек Қазанғап – 201 дің экс-президенті

5 пікір

               Біздің группада Асқарбек деген жігіт бар. Өзі – өнерлі. Қай жағынан да. Ауылда шалғымен егінді жапырып жатқан көрініс есіңізде бар болар. Асекең де солай. Бірақ, жайқалып өскен егінді емес. Жайқалып жүрген аруларды жапырудан алдына жан салмайды. Бұл бір өнері. Екіншісі – күй тартатындығы. Домбыраның қос ішегіне кезек-кезек тиіскен кезде, кешегі Құрманғазының ксерокопиясы ғой деп таңғаласың. Түр жағынан емес, әрине. Бірақ түр жағынан да ұқсап қалады ау, егер иегіндегі сақалын сәл қалыңдатар болса. Сәл-пәл сыраның көңілін қалдырмайтын өнерін айтпағанның өзінде, көрдіңіз бе өнер деген жетіп артылады. More

Жарнамаң «бай» болмасын (бізге де ойланатын ұран)

Пікір қалдыру

Көшеде ілінген жарнамаларда «ғажап», «керемет» (элитттік), «королдік» деген сөздерді қолданатын болсаңыз, айыппұл төлейсіз. Бөтен ойлап қалып жүрмеңіз, біздің елде емес, Қытайда. Бұл мемлекеттің  өнеркәсіп және сауда-саттық министрлігі осындай сөздері бар жарнамаларға тыйым салды. Ережені бұзушы 30 мың юань, біздіңше айтқанда (доллар дүниежүзінде «біздіңше» боп кеткені қашан) 4,2 мың долларын санап береді.
Айтпақшы, Қытайың әлем бойынша миллиардерлердің саны жөнінен бірінші орында тұр екен. Қытай астанасының әкімі Ван Цишанияның  айтуынша әлгіндей сөздермен түзілген жарнамалар қоғамдағы әлеуметтік үндестікке кері әсер береді. Ван мырзаның пікірімен астаналық депутаттарда бас изеп мақұлдасты: бұл жарнамалар байлар мен кедейлер арасында өшпенділікті ұлғайта түседі екен. Сондықтан жарнама берушілерге әлгіндей теңеулерді қолданудан бас тартуларын бұйырды. «Ең жоғарғы байлық», «ең беделді» секілді сөздер енді «беделдерін» жарнамалардан жоғалтуы мүмкін.

«The China Daily» газетінің жазуына қарағанда, Бейжің әкімшілігінің өнеркәсіп және сауда департаменті аталған жарлық сәуірден бастап күшіне енетіндігін мәлімдеген. «Гедонизмді насихаттауға» және «сырттан әкелінетін лакшери-сыныптағы тауарларға» тыйым салынады. Ерекшеліктеріне орай пайдаланылатын «элиттік», «жоғары сыныпты», «королдік» сөздерінің де басына бұғау салынатын болды.

Қытай сарапшыларының жормалдауынша бұл тыйымның астарында екі түрлі көзқарас жатыр-мыс: Бірі – байлар мен кедейлердің арасындағы әлеуметтік қысымды төмендету болса, екінші жағынан – жарнаманың барабарлығын арттырып, тауар мен қызмет көрсетуді жоғарылату.

«Біздің клиенттер, өздерінің жылжымайтын мүліктерін жарнамалаған кезде, «элитті», «эксклюзивті» деген сөздерді пайдаланады. Себеп  жарнамадағы сөздермен шынайы сапасының мүлде кереғар екендігінде болса керек». Осылай деген Пекин университетінің әлеуметтанушысы Xia Xueluan әкімшіліктің бұл шешімін қуана құптапты. Ол көптеген жарнамалық образдар даңғойлық пен есіруді насихаттайды, бұл мүлде бүгінгі уақыттың талабына сай емес, керісінше Қытай қоғамының дәстүрлі құндылығын аяққа таптау деп санайды.
Қытай халқының нақты табысын статистикамен сөйлету қиынға соғып отыр. Болжам бойынша 150 млн адам күніне 1 доллармен ғана күнелтетін көрінеді.
Бүгінгі таңда көптеген сарапшылардың берген бағасына сәйкес Қытай миллиардерлері әлемде ақша қоры жөнінен бірінші орынға шыққан. Forbes-тің бағалауы бойынша, 1210 доллар миллиардерлерінің 413-ы АҚШ азаматтары болып табылады. 115 кәсіпкер Қытайда туып, артынша Ресейге кеткен. Соңғы жылдары Қытайдағы қалталылардың саны 47 пайызға өскен.

<!–

–>

Абай төрттігі

8 пікір

Ассалаумағалейкум! Осыдан 5-6 ай бұрын, Асхат Еркімбай блог ашуды, оны қалай игеру керектігі жөнінде әліппесінен бастап үйреткен. Дәл сол кезде ашуын ашқанымызбен, алғашында немқұрайлы қарадық па, әлде уақыт тығыздығы әсер етті ме әйтеуір ары қарай өз басым жалғастырмадым. Содан бері біраз ойларым әрі жазбаларым әуелі табиғи сосын электронды флешкамда жүріп қалғаннан кейін, аз да болса өзгелер оқып,бағасын бере берсін деген ниетпен ашып отырмын. «Ашып отырмын» деген жәй сөз ғой, блогшы Мейіржанға аштырдым. Бірде менің, бірде оның қолы тимей ашам дегеніме де бірааааз болған. Содан бір сәті түсіп барғанымда Мекең «блогыңның аты не» деп тоқ еткізгенде «оны әлі ойланбаппын» деп бұрылып жүре бергенмін. Сөйтіп, ойлана келе блогтың атын «Абай 4» деп қоюға бекідім. «Абайыңды» түсіндік, ал «4»-ің не деп таңғалып отырған боларсыз. Ол былай: мен дүниеге келерден екі жыл бұрын ата-анам Абай деген ауылға көшіп барады. Содан 92-нің 25 майында туған маған Абай деген есімнің қойылуы заңдылық сияқты. Тааак, екі Абай болды го? Келесі – біздің үй орналасқан көше де Абай атында болса, бұған қоса 11 жыл оқыған мектебіме де данышпан Абайдың есімі берілген. Төрт Абайдың түйіскен тұсы осы. Ааа, айтпақшы бір қызық, мен оқыған мектептің нөмірі 90 болса, үйдің нөмірі 90-ның тең жартысы,яғни 45. Ақын Абайдың да 45 қара сөзі бар екені есіңізде бар болар. Осылайша, бар сәйкестікті жиып алеееп, дара тұлғаның есімін арқалап жүрген жайымыз бар. Әрине, мұның бәрі маған үлкен жауапкершілік артатынын түсінемін. «Мен туралы» айдарының қысқаша айтары осы. Ендеше, мүмкіндігіңіз болса, блогымның тұрақты оқырманы болып тұрыңыз.