Иіс және сүйіс – бүгінгі жастардың талғамы…?

6 пікір

Бір дос жігіт бар. Өзін «өнер десе ішкен асын жерге қоятындардың» қатарынан санайды. Дауысының қай жерге дейін шабатыны – маған аян,әрине. Әнші болам деп кейде аптығып кеткенде,айтамын – шамалы өзіңнің де дауысыңа қарасаңшы деп. Қолына ұстап әкелген мәтінін көріп ыршып түстім. «Ойлай бермені» 32 рет қайталағаны секілді, әлгі мәтіні де өлеңсымақ бірдеңе екен. Бірақ, ол айтад – «сөзім солғын болғанмен, әнім әдемі, қаржым қалтамда. Жеңіл сөзбен-ақ жұлдыз боп кететін шығармын» деп. Осыдан соң биыл қақаған қыста – «Таразыға» сюжет жасағанмын ән мәтіндері жайында. Содан «ойбуйуу,әрине» дедім мен. Ол сияқтылардың «ксерокопиясы» толып жүр ғой қазіргі эстрада да. Сөзі бір жақта, сазы екінші жақта қуып жүреді. Барлығы сондай деп,кесіп-пішіп айта алмаймыз, дегенмен мәтініне мән бермейтін, даңғаза-шу музыканы керемет ән деп түсінетін әншілер салыстырмалы түрде көп секілді. Әнші Айқынның айтуынша, иіс пен сүйістің құдіретіне таңдану, бүгінгі жастардың әнұранына, айналуы керек екен. Ол бүй дейді:   More

«Қарлығаш қыз» және…ой,сол махаббат ғой

8 пікір

Бұл Жақсылық деген шырақты, Абай соншама жарнамалап кетті ғой деп сөккеніңіз дұрыс бола қоймас :). Өзі ғой, тып-тыныш жүрсем, адамның тілін қышытып бірдеңелерді тауып беріп жүреді. Алмираға өліп-өшіп ғашық болғанының өзі, неге тұрады деймда :). Ақын болып, сырт көзге сабырлы-салмақты болып жүргені, соңғы 3-4 жыл шығар, бұл қарағымның. Болмаса бар ғо, ауылында таааза жынды болған-…….мын дейді өзі. Жәкеңнің жасы 4-5 ке келген кезде, ауылда радиоқабылдағыштың енді шығып, жұрттың бәрінің ауызын ашып, көзін жұмып жүрген кезі болса керек. Жақсылықтың үйіндегі радиоға барша көрші-қолаң, ауыл-аймақ келіп, жаңалық тыңдап жатады. Диктор – дауысы сыңғыр қаққан бір қыз. Содан, біздің әлгі қағып кеткен, қолына балтасын алып, «радионың ішіндегі қызды көрем» деп, қабылдағышты ортасынан қақ бөлген көрінеді :). Қала берді, үйінің жанындағы тастың артына жасырынып отырып, қаннен-қаперсіз асау ат мініп өте бергендерді, оқыстан шыға келіп үркітіп, өзін есі кірем дегенше батыр санап жүргені де жасырын емес екеееен. Тек шалдың баласы болып, ешкім тиіспейтін болған ғой Жәкеңе. Өткен-кеткенді «Таразылаған» қызық,әрине. Бірақ, «Әңгіменің ашығына» көшсем, Жәкеңнің ғашықтығына қатысты, бірдеңе шимайлағанмын біраз уақыт бұрын. Соны, бүгін көрсетсем деп едім…оқып көріңіздер. Поэзияның жілігін шаққан адам емеспіз,десекте өзіміз үшін түртіп жүретін өлеңдердің қатарынан. More

Кризи и и с…на ғалам-төре

2 пікір

Өткееенде, қай күні екені нақты есімде жоқ…1 жарым…ай-дай бұрын-ау, еліміздегі барша блогтар жабылып қалған болатын. Шабытымыз енді-енді күшіне мініп, әр жазылған пікірге балаша мәз болып, өзімізше титың-титың етіп бірдеңелер шатпақтаудың қыр-сырын түсініп келе жатыр едік, шорт етіп «алтын көпіріміз» үзілді де кетті. Бірқатар «жолаушылар» «шолп-шолп» етіп «суға» секіріп, жан-жағына, жоғарыға ұзааақ қарап, есін жинап, ойын білдірудің басқа жолдарын іздей бастады. Кейбіреулері «Өрдпреске» параллель тұрған, «Казжур» атты көпірдің жалына жармасып, әуелі салбырап,артынша оның да мінезін игеріп, тіпті біразы жусатып-өргізуге көшті. Базаар жоқ, «Wordpres-тің» «Kazjur-ға» ауысқаны болмаса, баяғы сол блог. Дегенмен, блогтар алғаш жабылып қалған уақытта, блогшылардың біраз уақыт абдырап қалғаны рас. Айтайын дегенім, кейін «WordPress» қайтадан ашылғаннан кейін де блог беттерінен мен белсенді қимыл байқай алмай жүрмін. Әрине, бірді-екілі жазбаларды көзім шалады. Әйткенмен, баяғы күйі жоқ секілді. Шынымды айтайын, менің де блог бетінде шимайлауға зауқым осы күндері соншалықты, бұрынғы қарқын секілді соғып жүрген жоқ. Мүмкін,уақытша кезең шығар… Өзім қатарлы, жас блогшы қыз-жігіттермен де сөйлессем, осы пікірді айтад. Не болса да, ғаламторда біз үшін рухани бір кризис болып тұрған сияқты. Бұл пайымым үшін,ешкім жағамнан алып, сөзің қате деп жала жаба қоймас. Жеке пікірім болғандықтан, осылайша жариялауды жөн көрдім.