Жатақханада небір қызықтар басыңыздан өтеді. Аш жүрсең де, өміріңе риза болып жүресің дегендей Әрине, дегенмен аш жүрген ешкім жоқ, Алла осы күннен айырмасын. Еркебұлан Кенеханов деген ақын жігіт былтыр жатақханада менімен бір бөлмеде тұрған. Содан, бір күні Ерекеңнің ауыл жағынан, бір дорба ауылдың тәттісі мен ет келді. Екеуміз, содан қос білекті түріп тастап, әлгі етті асуға кірісіп кеттік. Ауылдың жасы-кішісі қалмай жиналғаны секілді, жатақхананың да тайлы-тұяғы қалмай жиналды біз жайған дастарханға. More