Сүйінші! Жақсылық Қазымұраттың алғашқы жыр жинағы турасында

8 пікір

 

 

Кеше біздің факультеттің, Алла қаласа 7-8 жылдан кейін барша қазақ танитын, елдің ақыны – Жақсылық Қазымұраттың алғашқы жыр жинағы жарық көрді. Бұл жалғыз Жәкең үшін емес, барлығымыз үшін де нағыз қуаныш болды. Біраздан бері, “баспаға кетті, әне шығады, міне шығады” деп бірдеңелерді бықсытып жүретін:) Жәкеңнің, таза,шынайы поэзиясы,яғни,осы кезге дейінгі дүниеге келген туындылары бір кітапқа сұранып жүрген. Міне, соның сәті түсіп, кеше Жақсылық, өмірдің, шығармашылық жолдағы бір белесін бағындырғандай болды. Кітаптың аты – “Қарала сырмақ”. Көршінің қызына ғашық болып, ақыры махаббаты жауапсыз аяқталатын сюжет арқау болған бұл өлеңі бәрімізді күлдіріп ғана қоймай, әрі ойландырған да.   More

«Студенттік Таразының» түсірілімі туралы

4 пікір

Басты кейіпкерлері өзіміздің 2-ші, (енді бір емтиханнан кейін 3-ші) курстың жігіттері мен қыздары болып табылатын «Студенттік Таразының» теленұсқасын жасасақ деген жоспарымыз бар болатын. Бұл жазбаны әуелі, қолмен жазып, достарыма оқып беріп жүретінмін, одан ептеп блог ашып, ғаламторға жарияладым. Содан өзіміздің идеяшыл жігіттермен ойласа отырып, теленұсқасын дайындауды ойластырып жүр едік. More

Тұрлыхановпен тілдесу немесе мен қалай алдандым?

11 пікір

Розатайдың блогына кірсем, былтыр Рауан екеуінің «Жігіттер» тобының мүшесі Бағланды қалай алдағанын жазған екен. Бұл приколға біз, сол оқиға болған күннің ертеңіне-ақ қыран-топан болып күліп алғанбыз:) Әлгі жазбаны оқып отырып, өзімнің алданғаным есіме түсіп кетті. More

«Еркін Рахышев – қазақ халық киносының негізін салушы»

7 пікір

Рахышевті не мақтағалы, не жамандағалы отырған жоқпын. Бүгін, яғни жұма күні сағат 4-5 тердің шамасында режиссер ағамызбен жолықтым,сұхбат алу үшін. Рахышевтан сұхбат алуға бара жатқанымда, біреулер «ой, сен де сұхбат алатын адамды тауыпсың» десе, біреу «Соншалықты Рахышевтің деңгейіне төмендеген журналистер-ай» деп әзіл араластыра қақшып өтті. Не болса да, тәуелсіз режиссер ретінде бірер ауыз пікір алғаным жөн деп санағанмын. Сонымен Еркін ағамыз не айтты? Маған ең қызық көрінген бірер пікірлерін айтып өткенді дұрыс көрдім, More

Жалқаулау «жырау», атақсыз «актер» жайында…

15 пікір

«Топтастарым» деп бастасам, құлақтарыңызға түрпідей тиіп жүрер, одан да группаластарым деп «қазақша» бастайын:)Иә, группаластарыма арнап жүрген, әзілдерімнің сериясын жалғастырғалы отырмын. Бұл жолғы кейіпкер – Үмбеталы. Әрине, Үмбетті біреу таниды, біреу танымайды, бірақ бұл жазба – жатақханада тұрған, студенттік өмірдің қызығынан дәм татқан әрбір адам үшін, танысын көргендей әсер қалдыратын шығар More

«Студенттік Таразы» тележобасында – Жақсылық Қазымұрат

15 пікір

“Студенттік Таразы” бағдарламасының орта шеніне келіп қалғанда, теледидар қостым деп ойлаңыз

Бұл жазба “Таразының» форматы өзгермей тұрғанда жазылғанын естеріңізге саламыз

Айтпақшы, студенттік әзіл болғандықтан, төмендегі жазбада ешқандай саяси астар жоқ екендігін ескерткім келеді.

 

Жүргізуші: «Денсаулық,зор байлық». Алайда бұл жалынды сөз,асқақ афоризм ретінде қалып бара жатыр. Бүгінгі жастардың көбісі темекі мен сыраға әуестеніп алып,енді бар ақшасын соның жолында құрбан етіп жүр. Айтпақшы, кітап пен ноутбукқа көп қарау да денсаулыққа зиян екенін ұғынбайтын жастар бар. Журналист Умбетәлі Меймештің арнайы сюжетіне назар аударайық! More

САҒЫЗдың соры мұндай болар ма

9 пікір

 

Атының кім екенін айтпай-ақ қояйын, бүгін бір дос баламның басына сағыз жабысып қалыпты. Оны мен байқамағанда сонысымен көшеге шығып жүре беретін түрі бар екен. “Өзім сағыз шайнамағанмын” деп ақталады әлгі досым, “ендеше сайтан жабыстырып кеткен бе басыңа” деп, сағызды алу үшін үлкен іске кірісіп кетті.Бұл шаруа екеуміздің қолымыздан келе қоймады. Содан, “Алматықұрылыстың” арнайы “экскаваторын” шақырып, досымның басын тырналауға кірістік. More

Мен бокстан неге кеттім?

3 пікір

 

“Бақтияр Артаев Бейжің олимпиадасында ұтылып қалғанда, ашуым кеп, ертеңіне-ақ 5 жасымда шегеге іліп тастаған бокс қолғабын қайта киіп, зу етіп залға кіріп кеттім. Өзімнің талабым бар ма,әлде қарсыластарым әлсіз болды ма, бәрін шетінен баудай түсіріп, аз-маз авторитет жинала бастады. Ілешала аудан мен облысты артқа тастап, республикалық сайысқа бірақ көтерілдім. Менің салмағымдағымықты сайыскерлер, шетелде жарыста жүрсе, енді бірекеуі бұл жарысқа келуден бас тартыптыдегенде қуанышым қойныма сыймай, бас жүлде алатынымды айтып, ауылға телефон шалып тастап, ауыл той жасапты сол мезетте-ақ. More

Беранек орнынан неге кетті?

5 пікір

 

2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты басталуға жақын, шілденің шіліңгірінде ұмытпасам. Әупірімдеп жүріп, ұлттық құраманы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шыққанмын. Бас бапкерлік жұмысым жемісін беріп, тарихта болмаған жағдайдың қаһарманына айналыппын. Алғашында, бәрі таңғалып, тапырлап талып қала жаздаған. “Айналайын-ау сен, журналист болам деп жүруші едің…футболға қатысың бар ма еді өзі…аа?” деп аузын ашқандарға  сан жете қоймас. Содан мен жеке-жеке жауап беретін уақытым жоқ деп, ФИФА-ның штаб пәтерінде баспасөз маслихатын өткіздім. Маңғазданып тұрып,мәлімдеме жасадым: More

Олжас және 200 теңге немесе жеңіліііс

3 пікір

 

Жұмыста «Жиналыс» деген лақап атқа ие болған Олжас деген админстратор жігіт бар. «Жиналыс» атанатын себебі – телефоныңа жұмыстың нөмірі түскеннен бастап, Олжекеңнің жиналысқа шақырып жатқанын тұтқаны көтермей-ақ түсінесің. Әрине, ол Олжас емес, Арман ағаның жиналысы ғой. Сағат 11-де басталады деп, 11-ге 10 минут қалғанда телефон шалады,содан таксилетіп,екі өкпеңді қолыңа алып жетесің. Әрі өзі асықпаааайды,бірдеңе айтқысы келсе де алдымен бұрылып алады,сосын «ентігін басып» әңгімесін бастайды:).Сол Олжекеңмен кеше «Реал» мен «Барсаның» матчына бәстескенмін. Өзі, айтатын да ақша емес ( 200-ақ теңге,жарайды тым-аз болды ау деймін – 500 теңге дейінші аузымды толтырып:) More

Older Entries Newer Entries