Бір дос жігіт бар. Өзін «өнер десе ішкен асын жерге қоятындардың» қатарынан санайды. Дауысының қай жерге дейін шабатыны – маған аян,әрине. Әнші болам деп кейде аптығып кеткенде,айтамын – шамалы өзіңнің де дауысыңа қарасаңшы деп. Қолына ұстап әкелген мәтінін көріп ыршып түстім. «Ойлай бермені» 32 рет қайталағаны секілді, әлгі мәтіні де өлеңсымақ бірдеңе екен. Бірақ, ол айтад – «сөзім солғын болғанмен, әнім әдемі, қаржым қалтамда. Жеңіл сөзбен-ақ жұлдыз боп кететін шығармын» деп. Осыдан соң биыл қақаған қыста – «Таразыға» сюжет жасағанмын ән мәтіндері жайында. Содан «ойбуйуу,әрине» дедім мен. Ол сияқтылардың «ксерокопиясы» толып жүр ғой қазіргі эстрада да. Сөзі бір жақта, сазы екінші жақта қуып жүреді. Барлығы сондай деп,кесіп-пішіп айта алмаймыз, дегенмен мәтініне мән бермейтін, даңғаза-шу музыканы керемет ән деп түсінетін әншілер салыстырмалы түрде көп секілді. Әнші Айқынның айтуынша, иіс пен сүйістің құдіретіне таңдану, бүгінгі жастардың әнұранына, айналуы керек екен. Ол бүй дейді:  Сын айтыла береді ғой: Сөзі дұрыс емес деген.Ең бастысы жастарға ұнайды.Жастардың түсінігіндегі сөздер керек болғасын солай жазылды.  Деееп соқты Айқын мырза. Оның соғуына, бір ой себеп болып тұр ғой демек. Әннің сөзі жеңіл болу керек деген жазылмаған заңдылық қайдан шыққан сонда? Сұрағымызға, белгілі компазитор Жарылқасын Дәулет жауап берді: «Әннің сөзі жеңіл болып, құлаққа жата салу керек деген қағида – Кеңес дәуіріндегі орташа және орташадан төмен ақындардың шығарып алған сөзі» дейді Жәкең. Мектеп кезіндегі тақ-пағы есіне түсті ме, әлде халық әні «Нақ-наққа» еліктеді ме, әйтеуір,Айқын «Пах-пахтың» сұйық сөздерін сүбелі туындыға балайды. «Қазіргі жастар әдеби сөдерді түсінбегендіктен, Айқын мәтінін жеңіл қылып таңдауға мәжбүр» екен. Не деген, жастардың музыка мен мәтінді түсінуіне жасалған «қамқорлық» десеңші. Алайда,Айқын өзінің әндерін, үлкендердің бәрібір тыңдамайтынын мойындайды екен. Демек, Айекеңнің аудиториясы жастар деген сөз. Онда да мен секілді «Пах-пахты» тыңдауға «өресі жетіңкіремейтіндер» Айқынның тыңдарманы бола алмайтыны өкінішті  :). Мамандығы-журналист, бірақ, жолын өнерге арнаған Роза Әлқожа «сойып салды»: «Айқынның деңгейі сол ғой. Әркім өз биігінен қарайды. Жастар, үлкендер деп бөлмеу керек. Бәрі де талғамға байланысты. Одан да ол талғамсыздарға арналған әншімін деп айтсын» деп. Сөздеріне сүрініп,жығылып жүретін тағы бір әнші – Асан Пердешов. Асанның сазгерлік қабілетіне көңілім толмайды деу – әділетсіздеу әңгіме болар ед. Алайда, тыңдаушысы әлдеқашан түзеліп қойған тыңдарманға – сөзі түзелмеген Асандай әншілер көп кездесіп жүр. Бірде агент деп, бірде «О жасаған Құдай,атың Құлпынай» деп соғатын Асаннан сұраған едік мән-жайды. «Осындай әндер арқылы өз стилімді тапсам дейм,алдыңғы аға буынның сарыны секілді емес» дейді Асекең. Рас, Асан осы бағытпен өз стилін табуы мүмкін, қай жағынан екенін бағамдау да қиын емес. «Қоңыр» тобының продюссері Сержан ағамыз айтқандай қазіргі әншілер бірінші орынға – әнді,екіншіге өзін, үшінші орынға – әннің әрленуін(аранжировка), төртінші орынға ғана – ақынды қояды. Бұдан кейін әннің мәтіндері жайлы толғанып әңгіме айтқаның – құр босқа арамтер болу сияқты. Бір кездесуде ақын, Бекжан Әшірбаев айтып ед «Ләйлім-ләйлім, ләкәтім, Насыбай бар ма бір атым» десе де сахнаға шыға беретін болды деп. Рас айтад. Өзі кәсіби ақын. Журфактың жатақханасында туған «Көршінің қызы» қандай туынды болып ед!

«Халық әні бар – «Сырғаңды қайық қылып өткіз мені» деген. Қазіргідей, жаным-ау, этажыңа шығайыншы демейді». Жарылқасын ағамыздың сөзінің жаны бар. Кезінде Қадыр Мырза Әлі атамыз «Ақмаңдайлым» әнінің сөзін бірнеше рет жазған көрінеді. Бұл да музыкаға, өнерге деген жауапкершіліктің шынайы көрінісі болса керек. Әлгі досыма да осы сөздер сабақ болатын шығар деп ойлаймын. Досым секілді әншілерге де…