Бұл Жақсылық деген шырақты, Абай соншама жарнамалап кетті ғой деп сөккеніңіз дұрыс бола қоймас :). Өзі ғой, тып-тыныш жүрсем, адамның тілін қышытып бірдеңелерді тауып беріп жүреді. Алмираға өліп-өшіп ғашық болғанының өзі, неге тұрады деймда :). Ақын болып, сырт көзге сабырлы-салмақты болып жүргені, соңғы 3-4 жыл шығар, бұл қарағымның. Болмаса бар ғо, ауылында таааза жынды болған-…….мын дейді өзі. Жәкеңнің жасы 4-5 ке келген кезде, ауылда радиоқабылдағыштың енді шығып, жұрттың бәрінің ауызын ашып, көзін жұмып жүрген кезі болса керек. Жақсылықтың үйіндегі радиоға барша көрші-қолаң, ауыл-аймақ келіп, жаңалық тыңдап жатады. Диктор – дауысы сыңғыр қаққан бір қыз. Содан, біздің әлгі қағып кеткен, қолына балтасын алып, «радионың ішіндегі қызды көрем» деп, қабылдағышты ортасынан қақ бөлген көрінеді :). Қала берді, үйінің жанындағы тастың артына жасырынып отырып, қаннен-қаперсіз асау ат мініп өте бергендерді, оқыстан шыға келіп үркітіп, өзін есі кірем дегенше батыр санап жүргені де жасырын емес екеееен. Тек шалдың баласы болып, ешкім тиіспейтін болған ғой Жәкеңе. Өткен-кеткенді «Таразылаған» қызық,әрине. Бірақ, «Әңгіменің ашығына» көшсем, Жәкеңнің ғашықтығына қатысты, бірдеңе шимайлағанмын біраз уақыт бұрын. Соны, бүгін көрсетсем деп едім…оқып көріңіздер. Поэзияның жілігін шаққан адам емеспіз,десекте өзіміз үшін түртіп жүретін өлеңдердің қатарынан.

                                        «Жалын кеудеме су тамыз қанатыңменен,

                                         Қарлығаш қызы,қайдасың Қарағандының»

                                                                                          Жақсылық Қазымұрат.

Ақындығыңмен, көп жерде бағаланды үнің,

Ал сенің, көптеу арналды – оған ән-жырың.

Бір көріп сүйіп, толассыз өлең арнадың,

Қызына ғашық боп қалып Қарағандының!

«Жоқ» дей ме деп,кей сәтте қорқып та қалдың,

Файеде кейде жолықсаң, балқып та жандың.

Ғашық болғаның соншалық, жаның жәй таппай,

«Жоңғардың тылсым жонынан жортып та бардың».

Сөздер борады не түрлі, сұлу пішінді,

Өлең деген – ақынның тентек қылығы сынды,

Жақсылық өзі көзбе-көз жете алмай жатып,

Жырлары барып сезімнің гүлін ұсынды.

 Уақыт жылжып,көрсетті күндер дерегін,

Өлеңмен сірә,бір секунд – өрлеу дегенің.

Альмираның алдында жатты – ғашықтық жырлар

Және, дереу аңғарды кімнен келгенін.

Жүйрік жырлары, тірліктің жолында желсе,

Жібек сөздері сұлудың жанына келсе.

Жақсылық солай, сөзімен сындыра салад

Қайта жинап аласың, қолыңнан келсе.

Өзіне арналған өлеңді оқып,нұрланды рең,

 Қайта тыңдады, майдай жаққан жырларды кілең.

Қыздарға тән әдет ғой,қайтесің енді,

Бір ауыз пікір білдірмей бұлданды, білем.

Сүйгенін ойлап,Жәкең жөндеп тамақтанбады

(Ішілмеген қаншама арақ та қалды)

Оқылмаған, срсп сабақтар қалды.

Жақсылық жиі жүреді мазасызданып,

Алмира арудан,алайда жауап болмады.

Уақыт тоқтап тұрмайды,жылдарым зула,

Ғашықтық деген «ауыр жүк» – тұлғалы ұлға.

Жақсылықтың жазғанын, бастап санасам,

Сол үнсіздік созылды бір жарым жылға.

Алмасам да суырып тұйықтан бірден,

Мазаларды алмайын,суыртпақ оймен,

Туған күнінде Жақсылық,Аршын үшеуміз бардық,

Суынған араларды – жылытпақ оймен.

Үркіген асау, жалынан сипата ала ма?

Жәймен бастадық, көңілді сосын, сипат ала ма?

Күлдіруге тырыстық, жыр кейіпкерін,

Әзіл айтқан боп отырмын – типа тамада.

Жата бермес, шынайы – алмас қынында,

Мұнысы да ұқсайды, алғашқы жырға,

Кітабын сыйлап, Жақсылық жыр оқып берді,

Жолдама етіп – достықтарын жалғастыруға.

* * *

Ғашық болса да, сұлуларға мыңдаған қанша,

Сен деп біледі, қосылмаса да нағыз сыңары.

Жүрегінен таусылмай жалын жыр-әні,

 Қарлығаш қыз! Ұшып өтсең бір бөшке су ақтара салғын, «Жақсылықтың жалын кеудесі жанып жүр әлі.»