Былтыр «Радиожурналистика» деген сабақ оқыдық. Ол пәннен Клара Қабылғазина, Гүлнұр Омарханқызы атты апайларымыз тәлім үйреткен. Содан, не керек, радионың қыр-сырын біраз үйренгендей болдық кәдімгідей. Қалай сөйлеу керек, интоноцияны да ырыққа көндіре білу деген секілді. Әр студент өздерінің жеке бағдарламаларын да жасап шығарды. Тіпті, кейбір студенттердің жасаған жобалары үздік шығып, Қазақ радиосының да эфирінен тыңдарманға жол тартып жатты. Негізі, бір байқағаным – радиоға жасандылық жат дүние екен. Қалай құбылсаң да, бәрібір тыңдарманың байқап қояды. Бізге үйретілген басты қағидалардың ішінде бұл да бар. Өзім үнемі «Қазақ» радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасын тыңдап жүремін. Содан, айтқым кеп отырғаны – «Ақтілек» бағдарламасы жайында…жоқ, бағдарлама емес-ау, соны жүргізген – Бақытжан Жармұхаммед деген жүргізуші, жүйке талшықтарымның «шалқасынан түсуіне» біраз әсер етті.

 

Әр сөзін айтқан құрлы, ортасына «ы ы ыы » деген «спецэффектілерді» қосып сайрағаны, соншалықты табиғи естіле қоймайды екен. Әр онысын екі-үш рет қайталап қоя салса ештеңе емес, бүкіл бағдарлама бойы сол «ырғағынан» жаңылған жоқ. Егер, тікелей эфирге шаршап,әзер жетті деген күннің өзінде ентігін, 10-15 минуттың ішінде басуға болатын шығар. Әлде, дауысын оңға-солға құбылтқыш орыс әріптестеріне еліктей ме кім білсін… Әйтеуір, ағамыздың өмірде адамдармен сөйлескенде солай сөйлесетініне күмәнім бар. Әрине, «Ақтілек» – жаңалықтар емес, дегенмен де шоуға айналдырамын деп, «шабытын шаша беру де» қисынға келмейді. Әрине, мұны біреу,көре алмау деп түсінер, жөнсіз сынау деп ұғынатындар да  болуы мүмкін. Кім қалай ойласа да, бұл менің түйгенім, әрі бұл Бақытжан ағаның жеке басына тиісу емес, тек жүргізгеніне көңілім толмады, бар болғаны сол.  Айтпақшы, сосын «Шалқарда» «Айтыс» деген бағдарлама бар. Жер-жерден тыңармандар телефон шалып, бір-бірімен айтысады екен. Енді былай, жақсы жоба. Сол бағдарламаның жүргізуішісі (аты-жөні есімде қалмады) «телефон байланысы үзіліп кетті ИЛИ тыңдарманымыз айтысуға жүрексінді» деп соғееееп отыр. Не деген «еркін көсілу» десеңізші. Басқа, басқа «Қазақ» радиосының жүргізушілері шатаса бастаса, басқаға өкпелеп не керек? Егер, сөзіме сенбей жатсаңыз, мен айтқан екі бағдарламаны тыңдап көріңіз…