Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшілері:)

Дееп бастасам, қызық шығар иә:). Бұл екі жігіт, өз-өздері басқа тілде шүлдірлесіп, бірдеңелерді жазып-сызып, адам түсініп болмайтын ережелерді ежіктеп жүруші еді. Сөөөйтсек, олары – ағылшын тілі екен🙂 Біз енді аталмыш тілді соншалықты қаға қоймайтын болған соң, нені жаттап жүргеніне де назар аудармағанбыз ғой. Біреуі – Мойынқұмның мырзасы, екіншісі – Ұлытаудың ұланы. Ырыс пен Асқарбек деген жігіттер. Асекең күй тартады, (өнерлері турасында бұл блогтың бас жағында толығырақ айтылған) поэзияны да керемет етіп оқуға құштар, бір жыл бойы «Адырна» рухани клубының  факультеттегі жетекшісі болды. Күйшілігінің арқасында Израильге барып та келді. Тізе берсең, жетістіктері жеткілікті. Таланттылығының арқасында ағылшыншаны да ұршықша үйіріңкіреп, енді, өзінің айтуынша Вашингтондағы Ақ үйдің қасындағы бір мекемеде жұмыс жасамақ. «Сол жерден Обамаға да сәлем айтып тұр бізден» дедік:)Асекеңнің мойнында үлкен жүк тұрғаны да шындық. Домбырасын қолға алып, АҚШ та да қазақ өнерін асқақтатып жатса, біз үшін әй,бір керемет мәтебе болар еді-ау. Әйтеуір, АҚШ-тың бір қызына ғашық болып қалып, «мен сізді бір жерден көрген сияқтымын» деп жүрмесе болғаны:). Алла қаласа, маусымның 5-інде «АҚШ қайдасың?» деп тартып отырмақ. Ал, Ырыс мырза, Алла деп бүгін аттанбақ Нью-Иорк қаласына. Чемпиондар Лигасы финалының тек қорытындысын ести алады:) Футболдың наааағыз жанкүйері үшін, қиын болатын болды енді:)Негізі бізде Ырыс оқымай келмейтін сабақ болмайды. Тиісінше, жер бетіндегі спорт, оның ішінде футбол біткеннің оның назарынан тыс қалғаны кемде-кем. Кезінде, букмекерлік кеңсенің де ай айналып соғып тұратын, клиенті бола жаздаған..әлде болған ба…)Сондай,әйтеуір. Бұл да футболға деген ерекше қызығушылығынан туындаса керек. «Аламан» сайтында да, өзінің жеке блогында да спорт тақырыбын қаузауға құмар болып тұрады. Ааа, ұмытып барады екенмін, репертуарындағы жалғыз ән – «Іңкәрім-айды» шырқайтыны бар, әр туған күн сайын:) Былтыр французша оқыса да, ағылшын братандардың да тілін игеріп алып, АҚШ-тағы бір қонақ үйде қазақтың иісін шығарып, 3 ай болса да өмірге шетел көзқарасымен қарап келмек. Енді бұл екі жігіт, біздің группадан шетел, оның ішінде Америкаға аттанып бара жатқан алғашқы «ұшқыштар». Ең бірінші аман барып, сау келуін тілейміз. Сосын, тіл үйреніп, шетте де қазақтың өнерін, қазақтың қасиетін «пехайт» етіп қайтса ол да ерекше миссияның орындалғаны. Әйтеуір, ғайыптан тайып «қарагөз», етегіне тауар жетпей қалған әкелін әкеп тұрмаса деңіз:) Сонымен, не дейміз, құрметті Ырыс, Асқарбек! Сендерге бақыт тілейміз…дееп қусаң,иә:)Жалпы, жігіттер ең бірінші жолдарың болсын!

Жақсылық, Аршын, Асқарбек,Ырыс,сосын мееен.

«Уәркен трабел» көкелеріңнің демеушілігі ұзағынан болып, аман-есен елге оралуларыңа жалғыз мен ғана емес, барша достарың тілектес!