Жатақханада небір қызықтар басыңыздан өтеді. Аш жүрсең де, өміріңе риза болып жүресің дегендей Әрине, дегенмен аш жүрген ешкім жоқ, Алла осы күннен айырмасын. Еркебұлан Кенеханов деген ақын жігіт былтыр жатақханада менімен бір бөлмеде тұрған. Содан, бір күні Ерекеңнің ауыл жағынан, бір дорба ауылдың тәттісі мен ет келді. Екеуміз, содан қос білекті түріп тастап, әлгі етті асуға кірісіп кеттік. Ауылдың жасы-кішісі қалмай жиналғаны секілді, жатақхананың да тайлы-тұяғы қалмай жиналды біз жайған дастарханға. Әйтеуір,жан-жақтан жинап жүріп, ыдыс-аяқты түгелдеп, үстел-орындықтарды әкеліп,бір-біріне қосып кәдімгідей ортаға ас, екі қолды бос қойдық. “Шымкент-шоудағыдай” екі жерге май,екі жерге қант тастап, бауырсақты шашып жібердік табақтағы ас түгесілер тұста, бұл жиынға келмей қалған Жақсылықтың үлесі деп,Ерекең аздаған етті бөлек алып қояды. Нақты есімде жоқ, сол күні ме, әлде ертеңіне ме Жақсылық келеді еттен ауыз тиюге. Еркебұлан ортаға табақты қойып жатып, “Ал,Жәке астан қымсынбай алып отыр, бұл өзі шаянның еті” дейді ғо риза кейіпте. Сілекейі шұбырып, асқа қолын енді жүгіртіп жатқан Жәкең кілт тоқтай қалады. “Әй,шаянның еті несі?” дейді Еркебұланға бұрылып. “Же деймін, бұл еттен Заттыбек те жеген, ақын-сазгер Жарылқасын Дәулетовтың өзі, шаянның асынан ауыз тимей қалмаған” деп өршіте түседі. “Құдай-ау немене Қытай боп кеткенсіңдер ме, шаянның етін жейтін” деп Жақсылықтың асауға аузы,алуға қолы бармай дағдарып қалса керек. “Ой, Жәке сізге не болд,шаянның еті,нағыз дәмді тамақ болады,ауылда күнде жейміз ғо,ал бастаңыз” деп бастырмалатады келіп. Сөйтсе,Ерекең айтып отырған Шаяны – өзінің ауылының аты екенін Жақсылыққа сосыыын барып,түсіндірсе керек Иә,біздің Ерекеңнің туған жері – О.Қ.О, Бәйдібек ауданындағы,Шаян елдімекені ғой. Атақты “Шаянға барсаң әншімін деме” дейтін мәтелге арқау болған мекен. Осылайша екеуі сол күні, Шаянныңетін, рахметтерін айтып отырып, тауысқанға ұқсайды.