Рахышевті не мақтағалы, не жамандағалы отырған жоқпын. Бүгін, яғни жұма күні сағат 4-5 тердің шамасында режиссер ағамызбен жолықтым,сұхбат алу үшін. Рахышевтан сұхбат алуға бара жатқанымда, біреулер «ой, сен де сұхбат алатын адамды тауыпсың» десе, біреу «Соншалықты Рахышевтің деңгейіне төмендеген журналистер-ай» деп әзіл араластыра қақшып өтті. Не болса да, тәуелсіз режиссер ретінде бірер ауыз пікір алғаным жөн деп санағанмын. Сонымен Еркін ағамыз не айтты? Маған ең қызық көрінген бірер пікірлерін айтып өткенді дұрыс көрдім, өйткені эфирден шығам дегенше әлі бір апта бар:)

Бұрын Ерекеңді аспаз мамандығын меңгерген деп еститінбіз. Сондықтан ба, ағамыз кино түсіруді нан пісірумен салыстырып өтті: «Мысалы, кино түсірерде әуелі сценарий жазасың, оператор жалдайсың, свет қойғызасың, мотаждайсың, сосын апарып елге ұсынасың. Нан да солай: Егесің,орасың,диірменге жібересің, сосын Наубайханаға апарасың, кейін барып, оны жейді. Жеген адам, оған дейінгі жұмыстарды біле бермейді. Кино да солай, дайын өнімді көреді. Өзге жұмыстарынан бейхабар». Содан, алдын-ала ойланған сұрағымды ұмыттым ба, басым біраз загрузить етіп тұр:), ағамыз сөзін аяқтағалы жатыр, содан ойыма келген сұрақты сарт еткіздім: «Аға, актерлеріңізге қаламақы бересіз ба?» Рахышев » Біреуге төлеймін, біреуге төлемеймін, біреу маған төлейді» деген кезінде күлкі қысып кетті. Сірә, киноға түсуді қатты армандайтын пенделер, шағын эпизодына ғана түсу үшін, біраз ақша ұстататын көрінеді. «Біраз киносыншылар, журналистер сізді сынап, кәсіби деңгейге сай емес деген пікір айтып жатады. Қаншалықты келісесіз?» деп едім » Мені негізі көп сынамаңдар» деп күліп қойды. «сай емес дегендер,маған фильмдерін көрсетсін,мен үйренейін» деді қазір АҚШ режиссерлерімен тәжірибе алмасып жүрген ағамыз. Түсірілімді аяқтай бере, «айтпақшы, ұмытып барады екенмін,айтып жіберейін» деп,камераны қайта қостық.  » Тек сынап емес, мені мақтайтындар да бар» деді, біздің құлағымыз елең етті:) Бір отырыста сыншы Әлия Бөпежанова «Еркін Рахышев – қазақ халық киносының негізін салушы» деп айтыпты. «Тұңғышбайдың мені жамандағанынан, Әлияның мақтағанын әлдеқайда артық қоямын» деді Ерекең.  Ерекеңнің баяндауынша біраз уақыт бұрын Жаманқұлов мырза «Жетімдер – кино емес» деп «салып қалған» екен.

Тағы біраз құпияларын да айтты. Ешкімге айтпаймын деп уәде бергенмін:) Бас-аяғы жинақталып, басқа режиссерлерден алған сұхбаттар бар,Алла қаласа 21-інде эфирге шығатын шығар. Шегеленіп қойған тақырыбы жоқ сюжеттің, дегенмен режиссура, кадрдан тыс сәттер туралы айтам ба деген жоспарым болған. Соны орындауға тырысып жатырмын. Рахышевтің пікірін әркім әртүрлі бағалай жатыр, әйтеуір достарыммен бөлісіп қойсам деп жариялап жатқаным ғой.