«Топтастарым» деп бастасам, құлақтарыңызға түрпідей тиіп жүрер, одан да группаластарым деп «қазақша» бастайын:)Иә, группаластарыма арнап жүрген, әзілдерімнің сериясын жалғастырғалы отырмын. Бұл жолғы кейіпкер – Үмбеталы. Әрине, Үмбетті біреу таниды, біреу танымайды, бірақ бұл жазба – жатақханада тұрған, студенттік өмірдің қызығынан дәм татқан әрбір адам үшін, танысын көргендей әсер қалдыратын шығар десем, өзімді тым мақтап жіберген сияқты болып кете ме:) Амал не,мен солай ойлаймын.Ал бастадым! «Жігіттер,танертен ерте тұрайық. Осы, мысық құсап өмірі ұйықтап қаламыз. 11 де тұрып,шала шарпы жуынып,көзіміз ісіп, жұрттың (мұғалім атаулының дегенім ғой) бәріне жаманатты көрініп, жүреміз.Осының бәрі ненің кесірі білесіңдер ме? Әрине,ұйқының кесірі. Ұйқы деген,шайтан.Денсаулық керек жігіттер.Ерте тұрайық, жүгірейік. Анау,Жақсылық құсап, жастықтан басымызды жұлып алып,тұрып кетіп,сосын еңбектеп журіп болса да қолжуғышқа жетсек болды, ар жағы ешқандайда проблема емеееес, бетіңе мұздай су тиісімен,қайқаңдап алып таясың корпусқа. Ал,жігіттер,осыншама оқыған лекциям далаға кетпесін, бәріміз үшін де ерте тұру аса маңызды. Таңертең, алтыда тұрайық. Ей,Абай,неғыласың сабақ қарап, таңертең алтыда тұрып оқимыз».  Бұл 201-дің әншісі,данышпаны,спортшысы,актері Үмбетәлі Меймештің сөздері. Ұлы айқайға басып,шырылдап адамның жынына тиген,будилникті өшіруге қолым бара беріп,сағатқа қарап қалсам, о ғажап 10.30 деп бақыраеееееп тұр,жарықтық. «Жағың қарыссын,жағың қарысқыр» деп сотканы ошире беріп, көзім түсіп кетті: Үмбетекең, мына түрімен ұйқы дейтін сүйіктісінің қойнынан әзір ажырай қоймайтындай. Ой,ғажааап дедім, кешегі философиялық ойлары қайда қалды сонда бұл көкемнің.

Алғашқыда Үмбеттің әлгі сөздері тың идея,тартымды ой сияқты көрініп, адамды баурап әкеткенімен, өзгені қойшы,өзінен нәтиже шықпағасын күндер өте, бұл сөздер жаттанды әрі жауыр,қарапайым тілмен айтсақ,күнделікті қолданылатын «афоризмдерге» айналып кете барды. Осы тұрғыдан алғанда Үмбет болашақ Парламент мәжілісінің депутаты болуға лайық бірден бір тұлға деп ойладым.  Бір күні,Үмбет екеуміз әңгімелесіп отырмыз. Ағамыз, әдеттегідей “ұлылыққа” толы ойларын тарқатып,әңгіме етіп бастап кетті. Басымды шұлғып,қалғым-мүлгіп мен отырмын. Айтқанда, адамды иландырып жиберетіні айтсаңшы, мұның көзінде емес, аузында гипноз бар ше, Құдай біледі. Содан екеуміз, әңгімелесе келе, мынадай келісімге уағдаластық: Ертеңнен бастап,Алла қаласа таңғы алтыда тұрып, жүгіріп қайтамыз. «Өз денсаулығымызды нығайту,күш жинау өз қолымызда» деп ортаға ұран тастап,ойпппууу кәдімгідей «Нұр Отанның» кезекті съезі секілді өткенді еске түсіріп,келешекке бағыт жасап,спортпен айналысуға біржолата бет түзейтін болдық.

Содан не керек, Үмбет ағамыз, таңғы алтыда тұруды, ұйықтап қалмауды менің құлағыма құюдай ақ құйды ғой. Соткамның оятқышы, құлақ шекемнен шырылдайды,бірдеңеден қалып қойғандай. «Құрсын, жүгіреді екенбіз ғой» деп атып тұрып, жеңіл киініп, 4 этажға беттедім. Ол кезде мен бірінші этажда тұратынмын.Үмбет, менің қазіргі кабинет,тойс комнатам 403 те тұрып жатқан. Сөйтіп, 4 ке көтеріліп, 403 тің есігін жәй ғана,тоқ еткіздім. Ойладым енді,жуынып-шайынып,киініп жатқан болар деп. Үн жоқ.Қағысты үдете түсіп,қайта-қайта тоқылдаттым. Тырс еткен дыбыс білінбейді. Содан,сәл ғана саңылауға аузымды тақап тұрып, «Үмбеееет,Үмбет» деп айқайладым, амал қанша енді. Арада алты ма алпыс па,әйтеуір минуттар өткенде Үмбеттің краваты сықыр ете қалды. Аршын емес, екенін тошно білесің. Үстінен түйе басып өтсе де оянбайды Аршекең. Ұйқылы-ояу Үмбетекең есікті ашыыыып тұр: «Абай,кешке жүгірейік, ерте тұру қолымыздан келмейді екен» деп қояды. «Өөөөй,қазақ демал» дедім де,бұырылып алып,бұрқ ете қалдым. Өзіме де обал жоқ.Не бар десейш,талай рет депутатский уәделерін естіп жүріп,таң атпай жүгірейік дегеніне имандай сеніп жүрген.  Негізі жақсы жігіт. Өйткені – қызы баааар… деп қуып кетуге болмайды,әрине. Бірақ,қызы бар. ҚазГу мен ЖенПиді құда қылу оңай шаруа деп пе едіңіз. Қазақ бекер айтпаған ғой «Құдаларын Құдайындай сыйлайтын» деп.

Содан бізде сыйлайық деп, ЖенПи-дің қыздарымен «общение» ұстасақ, ерекше «құрмет көрсетіп,сыйлауға дайын тұрамыз». Үмбет негізі ,16 ғасырда туса батыр болатын, 17 ғасырда туса би болатын, 18 ғасырда туса,әнші, нағыз сал-сері, Балуан Шолақпен күреспесе де ,сыртынан мазақтап қашып кететін,19 ғасырда туса дана ойшыл, жүрегінде таза сенім болатын,20 ғасырда туса Ленин немесе Колбин болатын адам ғой. 21 ғасырда тумай ақ қойса да болатын еді деп,күпірлік ойлап жүрмеңіз. Үмбетте түбі бір тұлғаның дизайны жатыр. Оны өмір өзі айқындай жатар. Осының ішінде Үмбеттің жанына жақын өнер – ол әншілік. Халық әндерін болсын,эстрадалық нұсқаларды да нақышына келтіре шырқағанда ерекше күйге еніп, «найзадай кірпіктерің төмен қарап», кәдімгідей елітіп қаласың. Айтпақшы,соңғы кездері Үмбетәлі ірі-ірі сахналық образдары сомдауға ден қойып жүр. Өткенде мұрт тағып алып Шерхан Мұртазаны ойнады. Кешегі өткен олимпиада да Абайды ойнадым деп,жатақхананың алдында дем ала алмай тұр екен, құрсын,сізден асқан кім бар деп Аршын екеуміз әзер деп ентігін бастық. Бұл жігіт былтыр, «Хабардағы» «Бәрі есімде» бағдарламасында Мұқасан болып ән айтып,сюжетке түскен. Содан бері дәмесі ірі ролдерді ғана көздеп тұрады. Егерде Үмбетті театрдың бастығы Обаев көрсе «ойбай,мына бала бізге керек дей ме,демей ме кім білсін», бірақ әртістігі бар енді. Ни шо, өмір дейтін театрда әртіс болып жүргеніміздің өзі неге тұрады,Үмбетеке деп қоямыз. Аршын құсап,физика таңдап,алгебрадан қашып келсең бір жөн дегенмен бәрімізде журналистиканың бір тұлғасы болу дейтін мақсат қойып, еңбек еткеніміз жөн шығар. Ал ол үшін,ұйқыны доғару керек. Үмбет жайлы қысқаша сатира-сымақ дүнием осы.