“Студенттік Таразы” бағдарламасының орта шеніне келіп қалғанда, теледидар қостым деп ойлаңыз

Бұл жазба “Таразының» форматы өзгермей тұрғанда жазылғанын естеріңізге саламыз

Айтпақшы, студенттік әзіл болғандықтан, төмендегі жазбада ешқандай саяси астар жоқ екендігін ескерткім келеді.

 

Жүргізуші: «Денсаулық,зор байлық». Алайда бұл жалынды сөз,асқақ афоризм ретінде қалып бара жатыр. Бүгінгі жастардың көбісі темекі мен сыраға әуестеніп алып,енді бар ақшасын соның жолында құрбан етіп жүр. Айтпақшы, кітап пен ноутбукқа көп қарау да денсаулыққа зиян екенін ұғынбайтын жастар бар. Журналист Умбетәлі Меймештің арнайы сюжетіне назар аударайық!

Умбетәлі Меймеш:

Рас,рас ,айтқаныңның бәріне қосыламын.Бүгінгі жастардың бір құлағына айтылған сөз екінші құлағынан шығып кетіп жатқан жайы бар. Жақсылыққа айтқан сөзде солай,екінші құлағынан шығып кете береді. “Құлағынан шығып кету” деген тұрақты тіркесті тура мағынасында түсінген2 курс студенті Аршын, Жақсылықтың сол жақ құлағын аңдып жүрген жерінен ұсталды. Қолында бір бума  темекі. Ол баста келгенде темекі шекпейтін. Кейін азғырғанға еріп, арандап,ақырында будақ-будақ түтін шығаратын бәлені тастай алмай жүрген жайы бар. Өткен среда,ой кешіріңіздер,сәрсенбіде “Қазақ журналистикасы” ұйымының штаб-пәтері орналасқан 303 бөлмеде бір топ бала қолға түсті. Дүкенде кезек күтіп жатып қалған кітаптардың мәселесін май шаммен қарағалы жатқан 2 курстың Жақсылық, Аршын,Мейіржан бастаған бір тобы ұсталды. Олар біраз оқып та қойған екен біз жеткенде. Оған мына сөзім дәлел: Кетерімде Жақсылық, “жақсы,сау бол,ертен көрісеміз ғой” деп қалған, ертеңне барсам «сен кеше қашан кетіп қалғансың,көрінбей кеттің соңғы жағында» деп қояды. Кітапқа берілгені соншалық, бөлмесіне адамның кіріп-шыққанын да аңғармай қалғанға ұқсайды. Денсаулық жайында сюжет жасап жүргенімді айтып, салауатты өмір салты болу керектігін құлақтарына құюға тырыстым. Ертең эфирден шығатындарын да ескертіп, қолыма бокал ұстап,тілек айтып, кәдімгідей мастер-класс өткізіп тастағаным бар. Содан Жақсылық мамырдың 9-на дейін кітаптың бетіне қарамауға, Аршын алдағы бір жылдың көлемінде темекіні тастауға уәде берді. Кезек студияда

Жүргізуші: Иә,бізде нәтиже шығар деген үміттеміз. Қыз деген бұл өмірдің гүлі емес пе,гүл дегенің шөп,шөп дегенің көп емес пе деп ақиық ақын Мұқағали жырламаса да, аталмыш сөз тізбектері күнделікті қолданыстың бел ортасында жүр. Махаббат күніне қатысты, материал дайындаған Асқарбек Қазанғаптың сюжеті

Асқарбек Қазанғап:

«Анамның тілі айбыным менің,анамының тілі ай,күнім менің!» Иә, соңғы екі-үш жылдан бері махаббат күні сәуірдің орта шенінде тойланатын болып жүр.Бұл махаббат күнін тойлау үшін, екінші курстың ұлдары  мен бірінші курстың қыздары, және екінші курстың қыздары да 3-4 ай бұрын белсене атсалысып кетті. Құдайға шүкір, өз басыма келсем, мен үшін әрбір күн махаббат күні. Бұл мерекені тойлауды мен сонау бірінші курсқа келген алғашқы күннен бастап кеткенмін. Иә,солай. Талай қыздың бағын ашқанымды мақтан тұтамын. Талай қыз Асқарбек Қазанғаппен жүрдім деп те мақтан тұтатын шығар деген ойым бар. «Ана тілі аруы»байқауын сылтауратып,қыркүйектің басы кезінде Аршын мен Жақсылық бесінші этаждағы барлық қыздардың бөлмелерін аралап һәм олармен танысып шықты деген «суыт хабар» жетті. Содан бері ақын Жақсылық Қазымұрат первашкалардың едәуір бөлігімен сөз байланысқанымен,нақты түрде ешкіммен жүрмеген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Жақсылық 16 қызбен танысып,оның 14-мен ғана жақын қарым-қатынаста болып,8-імен махаббат туралы әңгімелерді «қыртқан». «Умбетәлі Меймештің сүйетін қызы бола тұра,анда-санда шайтан түртіп, кей перваш қыздарға көзінің сұғын қадап қояды» деп хабарлайды Қазақпарат. Әзірге, бұл ақпараттың шын-өтірігі анықталу үстінде. Филфактың кей сылқымдары Кемелжан Аршынның ізінен біраз жүгіріп, «Мегаға» барып кыдырып кайтайык» деп қиылғанымен, терең ғылыми зерттеу жасап жатқан Аршынның, көмекшілері,қос қыздың өтініштерін қарау үстінде.Кемелжанның Аршыны «Шыбында қанша аяқ бар» деген тақырыпта диссертация қорғағалы жатқанын естеріңізге салалық. Қысқаша махаббат күні туралы толғануымыз осы ғана. Студия сөз сіздерде

Жүргізуші: Рахмет Асико! Қонақ шақыратында кезек жетті. «Студенттік Таразы” студиясының бүгінгі қонағы, жас ақын, “Тарлан” сыйлығының иегері болуға үміті зор, “Жас Қанатқа” қатысып жүгіруден бас жүлде алған, “Қарлығаш қыз”,Мен және Меруерт” жыр (типа)жинақтарының авторы – Жақсылық Қазымұрат.Хош келдіңіз!

–         Бағанааа келіп қойғанмын.Ну,сонда да хош көрдік!

Сірә, түрік сериалдарын көп көресіз ау деймін?

–         Әрине.Олардікі – нағыз фильм.Көріп отырып,елітіп кетесің.Қарааап тұрсаң – тұнып тұрған поэзия.Қазір кәріс браттардың да сериалдарын қадағалайтын болдым. Олар да мықты,бәтшағарлар. Біз ғой,сорлап қалған. “Астанаға көктем кеш келеді” деп қояд. Кеш келе ме,ерте келе ме несі бар дейм да!

Негізгі сұрағымызға көшсек. Жақында сайлау өтті. Жалпы қалай баға бересіз?Қай үміткерді қолдадыңыз өзіңіз?

Ммм…не десем болад, сайлау сұмдық өтті.Бұрын-соңды мұндай саяси дода көрмеппін. Тіпті, әншілердің өзі “сайлааау” деп ән айтып кетті ғой. Үй-ішімізбен барып,дауыс бердік. Менің де алғаш қатысуым сайлауға.Рахааат екен,жеке кабинаның ішіне барып береді екенсің. Содан дейм да,абыр-сабыр халыққа қарап тұрып,мынадай өлең туды:

Сәуір айы туғанда,

Боп жатыр сайлау бұл маңда.

Беруде халық сыбаға

Сайлауға түскен ұлдарға.

3 сәуір күні игі,

Күн игі жердің түрі игі

“Қатыспайм” деп қарсы ласқанда

Бабымен ғана жібиді.

Сайлау деп бәрі қуанып

Шақырып бір үй бір үйді

Шаттанып жатыр бір игі

Сұмдық өлең,иа?Мен үнемі шедевр өлең жазамын ғой негізі. Ал енді кімге дауыс бердің дегенге келсек… і і не, сендер қай канал едіңдер… “Хабаршы” ма,онда айтайын мен даусымды ерекше құрметпен Нұрсұлтан Әбішұлына бердім. Жаңа “КТК”ға барып сайлауды сынап келгем, “Тасжарғанда” биліктің қателіктерін бетіне басқан сұхбатым жарық көрді. Алып оқыңдар, оқымайтын болсаңдар, анау 5 ші жатақхананың ішіне түгелдей дерлік жапсырып тастаймын.

Дұрыс аға, енді біздің дәстүрлі сұрағымыз бар:Сіз байсыз ба?

–         Иә,мен баймын. Үйден ақша келеді,анда-санда братан салып тұрады.Сосын кейде ақылы сұхбаттарға шақырады. “Жаке біздің мүддемізге сай сөйлеп берсең қайтеді,көк қағаздан ырымдаймыз” деп қиылып тұрғасын көңілін қалдырмайсың. Өлең жазып та нәпақа табамыз дегендей. Әйтеуір бәрі айтад “Жаха сізде ақша жоқ болса,көлде балық жоқ” деп.Соған қарағанда баймын деп есептеймін өзімді.

Ал рухани жағынан қаншалықты байсыз?

–         Айналайын ау,біздің негізгі байлығымыз сол рух,тіл емес пе?Тілмен сындырдық ғо талай қызды.Ол енді басқа әңгіме.Жалпы Ғамзатовтың сөзі бар “Егер тілім болса бүгін жоғалар,мен дайынмын өлуге-ақ күні ертең” дегендей “Егер тіліміздің авторитеті,Құдай сақтасын әрине, төмендей қалар болса,мен ертеңіне-ақ орысша сөйлеп кетуге дайынмын. Өйткені,аптасына 3 рет орысша үйрететін курсқа барып жүрмін. Соңғы кездері агентке көп кіріп жүргенім болмаса,кітаптан басын алмайтын пенделердің қатарынанмын. Жазушы,ақын біткеннің өлісінің де, тірісінің де маған өкпесі жоқ шығар деп ойлаймын.Қазір,әжептәуір жыр жазатын боп қалдым.Әнебір әнімді Ж.Жексен орындап жүр,қандай ед…ка айтам…і-і “Алғашқы қызым, кеш мені” және “Сүйіп едім басында,сезім енді қашуда” деген екі өлеңім хит боп жатыр. Бұлар енді сонау студенттік шықтың алғашқы жылдарындағы жауапсыздау дегеннен гөрі, тентек махаббатарымның куәсіндей туындыларым.

Алда қандай,ой-армандарыңыз бар қолға алсам деп жүрген?

Қазір ойлап жүрмін,Елбасыға ода жазсам ба деп.Маралтайдан қай жерім кем менің.Керісінше артық болмасам. Ол да, мен де Алматының ауасын жұтамыз. Онда да менікіндей қызыл костюм бар.Общым солай. 20 жылды түгелдеп, 4 бөлімнен тұратын поэма тудырмақ ойым бар.Құдай қаласа содан кейін не пәтер,не мемлекеттік сыйлық алып қалармын деген арам ойым да жоқ емес. Қашанғы сын айтамыз енді.Журфакта Мақсатбек деген “көзкөрген” саясаткер бар. Сол да жетед.

Ол жігіттің есімінің соңғы жағында “бек” деген құйыршығы жоқ сияқты ед…

Енді Алтынбек,Заманбек сияқты тарландардың ізін қуғасын Мақсатбек деп ат қойғанбыз

Одан өзге ой жоқ па сонда? Неге ақындар, биліктің қолшоқпары болуы тиіс?

Айналайын қарғам-ау,сенде қатырасың. Қолшоқпар болу емес бұл. Бұл деген Абылайдың Бұхары болғандай міндет. Одан басқа да “бездельник” болып журген ойлар бар. Негізгі туған жерім – Қытайда ғой. Сондықтан “Қытай және Қарағанды” деген өлең жаздым жақында. Ал Қарағанды деген не десеңіз, оның тарихы қазақша айтқанда “страшно”, ол үшін “Таразыға” тағы қонақ болуым керек енді

Рахмет аға,керек емес,керек емес деппін ғо,келесі жолы дегенім

–         Ә-ә-ә оқасы жоқ,айтпақшы, ән сұрайтын әдеттерің бар ед…

Иә,әрине әншіміз келіп тұр, Бейбіт Қорғанмен қандай ән шырқайсыздар?

–         Шырқайсыздар дегенің артық болар,шырқаса Бейбіт шырқайтын шығар, біздікі шыбын сияқты ызыңдау дегенге келіңкірейді. Анааау менің өлеңім бар ғой “К…. үстіндегі күрес” деген алғашқы махаббат жайлы,соны айтайық.

Ендеше ортаға бағдарламамыздың тұрақсыз маэстросы Аршын Кемелжанды шақырамыз. Ал кеттік!

– Қайда? 

Ешқайда аға,ән шырқаңыздап деп жатырм да