“Бақтияр Артаев Бейжің олимпиадасында ұтылып қалғанда, ашуым кеп, ертеңіне-ақ 5 жасымда шегеге іліп тастаған бокс қолғабын қайта киіп, зу етіп залға кіріп кеттім. Өзімнің талабым бар ма,әлде қарсыластарым әлсіз болды ма, бәрін шетінен баудай түсіріп, аз-маз авторитет жинала бастады. Ілешала аудан мен облысты артқа тастап, республикалық сайысқа бірақ көтерілдім. Менің салмағымдағымықты сайыскерлер, шетелде жарыста жүрсе, енді бірекеуі бұл жарысқа келуден бас тартыптыдегенде қуанышым қойныма сыймай, бас жүлде алатынымды айтып, ауылға телефон шалып тастап, ауыл той жасапты сол мезетте-ақ. Сөйтсем, аутсайдерге балаған боксшылардың өзі, кәдімгідей күші бар пәлелер екен. Содан бапкеріме айттым, “ағаау анау басшыларға тиынпиын беріп, неғылсайшөмірімізше республикалыққа қатысып тұрып, бірінші орын ала алмай кетеміз бедеп едім,бапкерім ұялып, “жарайдыдеп кеткен. (Енді қайтеміз ауылда қорада тұрған, қой мен сиырды сатып,ақшасын алып келіп тұрғанда,дымсыз қайтсам, ұят емес пе?) 5-еуімен шығып, оның төртеуінтаныс арқылыұтып, финалға келгенде, біресе қарсыласымды қайтақайта құшақтап, енді бірде шыр айналып қашып жүріп, уақыт өткіздім. “Соңғы қоңырау” соғылғанда, шлемімді шешіп, бапкерімді құшақтап, төрешінің қасына барып едім, ерекше мейіріммен бас төреші қолымды көтерді. Дәл сол кезде Лондон олимпиадасындағы жеңісімді ойлап,қуанғаннан көзіме жас келді. Осыдан соң ақ, бүкіл ауыл мені төбесіне көтеріп, 2012 дегі дүниежүзілік додаға дайындалып жүре бердім.

Енді бар өмірімді осы боксқа арнамақ ойым бар. Дайындалсам, Лондонды да ұтып алуым мүмкін.Сосын басшылық бір машина мен пәтердің кілтін табыс етсе, ары қарай рингке шығудың да қажеттілігі шамалы шығар. Ал қазір, бокс залына кету керек, қолғабым қайда? Спортты серік етуді бастадым” деп аяқталатын шатпағымды оқыған үйдегілер “бокс сенің не теңің, төбелестен төбең көкке жете қоймас” деп нүктесін бір-ақ қойғалы бері, бұл спортты тек теледидардан ғана тамашалайтын болып жүрмін:)