Жұмыста «Жиналыс» деген лақап атқа ие болған Олжас деген админстратор жігіт бар. «Жиналыс» атанатын себебі – телефоныңа жұмыстың нөмірі түскеннен бастап, Олжекеңнің жиналысқа шақырып жатқанын тұтқаны көтермей-ақ түсінесің. Әрине, ол Олжас емес, Арман ағаның жиналысы ғой. Сағат 11-де басталады деп, 11-ге 10 минут қалғанда телефон шалады,содан таксилетіп,екі өкпеңді қолыңа алып жетесің. Әрі өзі асықпаааайды,бірдеңе айтқысы келсе де алдымен бұрылып алады,сосын «ентігін басып» әңгімесін бастайды:).Сол Олжекеңмен кеше «Реал» мен «Барсаның» матчына бәстескенмін. Өзі, айтатын да ақша емес ( 200-ақ теңге,жарайды тым-аз болды ау деймін – 500 теңге дейінші аузымды толтырып:) Туып,есін біліп,футболдың не екені ұғынғаннан бастап Гвардиолланың командасын қолдайды Олжас. Менің кімге жақ болғанымды айтып жатпай-ақ қояйын. Содан 12.45 ті асыға күттім. Төрешінің ысқырығы естілгеннен «Барсалықтар» аяғы-аяғына жұқпай, «қанымды ішті». Е е е..и игуаа ин,кім ед…тілдің келмей қалғаны, іі иа сол,аргентиналық шығыпты «Реалдың» сапында, 82-нің патсаны Каканы да байқадым жаңа қосылғандардан. Қалғандары өзіміз күнде араласып,тойс күнде көріп жүрген жігіттер. Рамос мен Пепенің жоқтығын, Мауриньоның шәкірттеріне нұсқау бере алмайтынын, Каранканың қаншалықты қарық қылатынын да ойлағанда жан-жүрегім елжіреп, көзіме жас келіп, қолыма беторамалымды алмасам да, біраз қауіптендім: Кілең жұлдыздар,лағып кетпесе болар ед деп.Қарымта ойында, «Реал» қарсылық көрсетіп бастауы керек еді,өкінішке орай «Барсалықтар» Роналдуларды ізінен жүгіртіп ит қылды. Сол жақтан Пуйоль шабуылға көмектесіп,ортадан Месси ойқастап, қала берді Инестьа мен Давид Вилья бар, әйтеуір Касильястың ығырын шығарды бір тайм бойы.

Содан екінші таймның 54 минутында Педро гол соғып, “Реалдың” мүмкіндігін толыққанды жойды десе болады. Тура 10 минуттан соң,анау шашы желбіреп жүретін Марселло есепті теңестірді. Бірақ, бәрібір бұл гол “Реалдың” жеңісіне еш мүмкіндік бермейтін еді. Өйстіп, 200 теңге өзімде қалды:)Әзіл,әрине. Ойынның соңында жаңбыр төпелеп жауып, ойыншыларға физикалық ғана емес психологиялық жағынан да жүк болған сияқты. Бұл сөздер “Реалдықтарға” көбірек қатысты. Сөйтіп, “реал” финалға бір, жоқ екі, әлде бір ма…әйтеуір … қадам қалғанда жеңіліске ұшырады. Айтпақшы, кеше 5 ші жатақхананың 416-шы фанклуб кабинетінде “манчестер” мен “Шальке” ойынын – Ақырыс, мен, Умбетәлі, Аршын төртеуміз көзіміз ашылып-жұмылып,әзер дегенде бірінші таймды көргенбіз. Есеп 2:1 болған. Болашақ спортшы дегеннен гөрі болашақ спорт шолушысы дегенге лайық Нұршапағаттың айтуынша, “Күлішканың” хабарлауынша ағылшындық команда екінші таймда тағы екі гол соғып, финалға таза еңбектеп жүріп, ойй еңбекпен шығыпты дегенім. Енді 21 мамырда ағылшын мен испан командасының арасында тамаша тартысты ойын болады деп күтіп отырмын.

Құрметті “Манчестер” жеңеді деушілер – мен де сіздерге қосыламын. Руни, Полс Колс дей ма (кімдер ойнайтынын еміс-еміс білемін),әйтеуір бәрі жабылып жүріп ұтатын шығар, не көрініпті. Осыдан ұтылып қалсын, Сэр Алексті орнынан алып тастайын:) “Манчестер” ұтады деушілер мына мекен-жайға хабарлассынJabay_092@mail.ru.