Айтыс болады деген хабарландыруды “Жеке пікірден” оқып алып, 3 мамырдағы “Реал” мен “Барсаның” ойынын қалай күтсем, тездетіп 2 майдың болуын да солай күттім. Әрине, футбол дегенің айтыстың қасында жоғары тұра алмайды мен үшін. Десекте екеуі екі  бөлек дүние ғой.Сондықтан аса салыстыра қоюдың қажеті шамалы.

Сонымен кеше студенттер сарайында жан алып,жан беріскен, жүректі елпілдетіп, қазыларға қарап мойнымызды ырғидай қылған айтыс болмаса да, өлеңөздің көрігі қызған аламан дода болды десем,ешкім аттандап қарсы шыға қоймайтын шығар. Біраздан бері “тірі айтыс” көрмей, кәдімгідей сусап қалыппыз. Теледидардан қырқылып, “артық әңгімесі” жоқ айтысты көргеннен, ақындардың дәл алдында отырмасақ та, ең артқы бөліктің қақ алдындаотырып тамашалағанның өзі жақсы екен:)Сарайда айтыс болатын болған соңәне ол айтыс тегін болатын болған соң, студенттер сарайы халыққы лық толды иін тіресіп. Ақындар да шапты, Жүрсін де жүрістен жаңылмай ақындарды жолға салды, көрермендер де шуылдап шабыт берді. Әйтеуір, суырыпсалма ақындардың суырыпсалған сөздеріне тамсануды ғана біліп, біз отырдық. Таңертеңнен бері тамақ ішуге қолым тимесе де, айтыс тамақ болатындай,асқазанымның “зарлағанына” қарамай, сағат “примерно” 3 – терден бастап айтысты соңына дейін көріп,рухани шөлімді бастым. Содан айтыс біткен соң, асқазанымның “талап-тілегін” ескеріп, “тауарды оптом” алып мәз қылдым ғой🙂

Сонымен,бастайық – айтыс қалай өтті? Айтыс, белгілі бір деңгейде жақсы өтті. Жақсы өтті деп, жақаурата салу бәрінің қолынан келеді ғой, қызығы орта деңгейде,кемшін түскен ақындар да аз болған жоқ. Мен келгенде Біржан Байтуов пен Қуаныш Шарманов бәйгеде шауып жатыр екен. Екеуі де нағыз тұлпар деуге лайық ақындар. Дегенмен осы жолы Біржанның айтқан әзілдері “өтті”. Қуанышқа “қазақтан таппай,Ресейден қыз алдың деп, тиісіп одан соң “ол жаққа барғанда алдыңа төс тартқан шығар, Бірақ ненің төсін жегеніңді Құдай білсін” дегендері ел-жұртқа еріксіз шапа-шапа-шапалақ ұрғызды. Одан кейін Қызылордалық Нұрмат Мансұров пен Қарағандылық Мақсат Ақанов шықты сахнаға. Анааау тақырыбымдағы тіркес, сол Мансұровтың Мақсатқа “атакаға қолданған сөзі. Айтыскер Ақанов “Нұрмат жеңілмейтін, “Нұр Отан” емес шығар,тәуекелге бел будым деп еді, Нұрекең “мені жеңу саған,арман болып жүр ме ед деп бастады да, соңын әлгі тіркеспен (“Қойдың да бір қиялы болад деуші ед,Қасқырдың жылағанын көрсем деген”) ұтымды аяқтап,көрермендерін бір серпілтіп алды. Содан бұл сөзді ұмытып қалмайын деп, ұялы телефонымның “Черновики” деген іс-қағаздар бөліміне дереу сақтап қойдым:) 

Ішімді пыстырып, бірнеше секунд қалғып кетіп отырған айтысым – Аслан Ғапуров пен Мейіржан Әлібектің айтысы. Екеуінің айтысқаннан гөрі, жеке-жеке жыр айтулары көп болды. Ара-тұра әзіл айтқан болғанымен, ол қалжыңдары соншалықты “өте” қойған жоқ. Неге “әзіл айтулары керек,қалжыңға тіреліп қалдың ғой” деп ойлауыңызда мүмкін

Бірақ,айтыс сонысымен тартыс. Екі ақын шығып алып, “сереееезный” сам-соз болып отырып алса, кімге қызық? Осы тұрғыдан алғанда Нұрлан Мұсаев пен Балғынбек Имашовтың, Төреғали Төреәлі мен Жандарбек Бұлғақовтың жұптары, нағыз финалға лайық өнер көрсетулер болды. Біраздан бері, сахнадан көрінбей кеткен, Мұсаев “Оң аяғы аумайтын сол аяқтан,Сол аяғы аумайтын оң аяқтан, Балғынбек бұл,бес бала таптырам деп,Таңға дейін жеңгемді он оятқан деп бойымыздағы күлкі витаминінің санын бірнеше есе арттырды шамасы:) Имашов өшті екен деп ойлап қалмаңыз. “Ақтау жақтың үлкен аюы – Мэлс еді,Балғынбекпен шайқассын деп, енді кіші аюын жіберген бе” деп қойып қалды. Өзін аюға теңеген Балғынбектің, өзімен шамалас екенін аңғармай кететін Мусав емес – “тақия киіп алған,сақалды аю деп қарымта шабуыл жасап үлгерді.

Өзгелерге қарағанда қызықтылау жұп, қазақшалап айтса «более менее» жақсылау айтыс – Төреғали мен Жандарбектің жұбы болды. Төреғалидың әншілігін айта отырып,жақында соқыр ішек болып емделіп шыққанын да ескертіп, Әншімін деп даусыңды соза берме,Жазылмаған мүшеңе зақым келер деп бір күлдіртті. Қала берді “Бір мешітке азаншы боп тұрып алғын,Мұхаммеджан ағаңмен ақылдасып деп екі мәрте “девятконы”көздеді. “Екі өнерді де Алла берген,сондықтан тиісе берме” деп Төкең қорғанып алып, әдемі даусымен ән орындап беріп ед,Жандарбек  “Орындаған Төреғали Әлиханов деп,сөзінің соңын “Осымен, “екі жұлдыз” жобасы аяқталды деп доғарды. Мұнысына,әрине,тапқырлық деп қолымызды соқтық. “Жас Отанға,жұмысқа тұрып апсың, Түбі сен депутат боп кетіп жүрме” деп Төреғали Жандарбектің бүйірінен түртіп еді, “Депутат болсам болатын шығармын, Соңғы кезде отырған жерде ұйықтап кете беретінді шығардым” деп әзілдей отырып, ұйқышыл басшыларды ашық сынады. Финалда текетірескен Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Бұлғақовтың сондай бір керемет сөздері есімде қалмапты. Аааа,ұмытып барады екенмін, Мұхтардың “Кебін киіп кететін тіршіліктен,темір-терсек жинауға келген жоқпын дегені нағыз тәлімді сөз деуге болады. Бұл айтыстың ұтқан тұстары да осы. Өйткені барлық ақын,имандылықты, Исламның хақ дін екенін жиылған жұртқа сіңіре білді

Балғынбек айтпақшы “халал айтыс” болды. Ел-жұрттың арқа сүйей қарайтын,аузы дуалы ақындардың имандылықты жырлауы,кәдімгідей жетістік,қуантып тастайтын құбылыс. Нәтижесінде, Жандарбек пен Мұхтар тең түсіп, 3 жарым миллионды қақ ортасынан бөліп алды. Рахаат,иә:)Жылына екі айтысқа қатысып,бір жыл жұмыссыз жүрсе де жалы қисаймайды:J Айтыстың көп болғаны, демеушілерге – сауап, халыққа – рухани, ақындарға – рухани және материалный азық. Сын сағатта суырып салып, астарлы әзілмен шенеуігіңнің өзінің “быт-шытын” шығаратын ақындарға – не сыйласа да артық емес. Дегенмен,неге екені белгісіз,қанша жерден өз көзіммен көрсем де, мейлі 2-ден 8-ге дейін созылса да бұл жолғы айтыс көңілімнен шықты деп айту, шындықты айту емес ед. Ақындар аз дайындалған ба,әйтеуір менің алғаш айтысқа қатысып жүрген кезімдегі (8-9кл)ұйқастарыммен тең дәрежеде секілді көрінді. Әрине,загатовкалардың сәтті шыққанына дау айта алмаймыз, десекте айтыстың қызығы – шартпа-шұрт шабуыл,мығым әрі шымыр сөздерді өз басым кешегі айтыстан көп көрмедім.Тек,жоғарыда аталған жекелеген жұптар болмаса. Енді алдағы айтыстарды асыға күтеміз! Айтпақшы, осы айтысты, алдағы уақытты (тошнасын білмедім) “Хабар” арнасынан көре аласыздар.