Бүгін таңертең жұмысқа келіп,әдеттегідей істің «біссіміләсін» агентімді ашудан бастағаным сол еді,жылтың етіп бір хат шыға келді. «Кешегі түн қалай өтті?» деп жазып жіберіпті бір дос қызым. «Ойпыр-ау кешегі түнде не болып еді» деп ойым сан саққа жүгіріп, ойланып қалып есіме сарт ете түсті. Ааа жер сілкінеді деп,жұрттың бәрі – барын алып,бақанын таянып көше кезіп кеткен екен ғой. Рас солай. Оны айтасы,кешелі бері 3-4 адамның телефоныма «бола ма,болмай ма» деп қоңырау шалатынын қайтерсіз, дәп бір мен сейсмолог сияқты:)Құдай-ау бар жазығым сілкіністен бір күн бұрын «Таразыға» «Алматыда сілкініс болуы мүмкі бе» деп сюжет жасағаным ба?:)Дегенмен, кешегі жер қозғалысы кәдімгідей үрейлендіріп тастады. Енді ше,өзіңіз ойланыңыз – осыған дейін 1811,1911 жылдары болған екен Алматыда. Ал биыл 2011 жыл.Тура 100 жыл.Құдай оның бетін аулақ қылсын,әрине. Әйтсе де сақтықта қорлық жоқ. Кеше алдымен таңғы 8.30 да болды дейді өз көзімен көргендер. Ол кезде ұйықтап жатқанмын,рас айтам ештеңені сезбеппін:)Және күндіз 2-3 балдық тербелістер болған қайта-қайта. Бір адамнан 6 балл болады екен дегенді естіп,екінші біреуге үстіне 2 балл қосып айтып, қала халқы кәдімгідей дүрлікті кеше. Алдымен 8-де өтеді екен деген өсек болып шығып,одан бәріміз жабылып түнгі 11 мен 12-нің арасын тостық. Ааа біздің,яғни 5-ші жатақханада қызық болды. Ренжімесін,әсіресе қыздар қауымы әжептәуір дайындық шараларын жүргізіп,дала кезіп кетті:)оның ішінде первашкалар. Әшейінде «Дениз» болатын кезде ғана жиналатын ел теледидардың алдында мөлидікте отырдық,кім не жаңалық айтар екен деп. Олардың алаңдайтын түрі жоқ. Бәрі керемет,біреуінде концерт,біреуінде ескі кино. Содан сағаттың тілі түнгі 12-ні көрсеткенде «Алматы» телеарнасы тікелей эфирге шықты. Сейсмолог пен «төтенше басшы» түк те болмайды деп жұрттың күдігін  сәл де болса сейілткендей болды. Сөйтіп,ол көкелеріміз сайрап,эфир бітіп,1 сағат өткен соң, бөлмемдегі шкаф әй бір биледі дейсің.Үстел үстіндегі ыдыстар өздерінше «дискотека». Жер сілкінісін өз көзіммен бірінші рет көруім. Қайтем енді,тау түгіл төбені шаққа кездестіретін Қызылорда да «жер сілкіну» деген сөздің өзін естіді дейсіз бе:). 15-16 секунд дегенде тынышталды. Содан кейін сезгендердің айтуынша таңғы 5 тердіңшамасында тағы да сілкініс болғанға ұқсайды. Несін айтасыз,әрбір 4-5 сағат сайын жер қозғалды кешелі бері. Бар қолымыздан келетіні Аллаға сыйынып дұға тілеу. Біздің сейсмологтар да жұлдыз санап отырмаған шығар. Айпақшы, олар «егер сілкініс 6 балдан жоғары болатын болса ғана,халққа ресми түрде хабарлаймыз» деді кеше эфирде. Сонда 5 балл қауіпсіз болғаны ма деп ойладық. Кешегі түннің хикаясы осындай. Жатақхананың қыздары әрі-бері сапырылысып, Жақсылықтың өзі басына тақиясын киіп, дәретін алып моп-момақан болып қапты:). Әй,әшейіндегі батырым-ай дедім. (Досым болған соң әзілдей беремін,әйтпесе бәрімізде қорықтық) Бірақ,бұл күлкі емес. Адал істер жасағанымыз жөн. Мұның өзі Аллаға сыйыну ғой,демек септігі тиіп қалар. Бәріңізге Алла жар болсын!