Өткен жолы Асқарбек туралы жазған «типа приколымды» ұсынып едім.Енді келесі кезекті группаласым Аршынға ұсындым. Журналистика факультетін тәмәмдаған, журналист Жарас Кемелжанның туғааан інісі. Сонымен бастадым! Айтпақшы,мына жерде қатаеееп отырған суреті тұр енді. Қыздарға құлаққағыс – өмірде ондай емес :). Сәрсенбінің сәтінде қалам дейтін биноклімді ұстааап, көзіме кім ілігер деп көздеп жатыр едім…одыраң,одыраң етіп, ортекенің ойқастағанына ұқсайтын,басқан табанының ізінен от орнындай із қалмаса да,алшаңдап  жүретін Аршынның нысанама іліге кетпесі бар ма. «Әп,бәлем» деп қаруымның (қаламым ғой) шүріппесін басып,басып, Аршекеңнің ойды-қырды кезіп жүрген қылықтары мен қулықтарын іздестіріп, қараторы сары баланы сипаттауға кірісіп кеттім.Ал,тыңдап көріңіз. Бұл өзі – менің группаласым. Асқарбек пен Розадан кейін қаламыма ілігіп отырған үшінші кейіпкерім. Асқарбегің анау, қыздарды «ерекшеее» сыйлап,  сені ұмытып, блогына махаббат мұңын жазып, өлең оқып есі шығатын. Розаң жүр, бетіңе қарап күлііііп тұрып, демде үшінші дүниежүзілік соғысты бастап кете салады. Үмбетәлі де қияли. Шынаргүлдің құлағына өлең жолдарын жеткізе көрме, әрі қарай жалғастырып, жақын арада тоқтамай есіңді шығарады. Группаны шағын мемлекет дейтін болсақ, сол мемлекеттің діни ақылшысы Ая дейтін қыз. Мағауин мен Шәкәрімді немесе Яассауиді әдеби әңгіменің ортасында атамай кетсең, басыңның бәлеге қалғаны дей бер. Дінге қатысы бар лекциясын тыңдамай,жынын ұстатсаң, сенің дін турасындағы “түйсіксіздігіңе” күйініп-күйініп алып,сосын қолын бір сілтеп кете береді. Қысқасы осылар. Қалғандары да бір-бір төбе әңгімеге лайық. Құдай маған “нормалны” группаласта бермеген гой деп, күйінгелі отырғам жоқ,әрине. Әшейін, әңгіме болсын деп. Мен туралы бастап, кімдерді тізбелеп кеттің деп, Аршынымыз жата қап жылап жүрмесін, Кемелжанның ұлына аттың басын бұрайық. Сонымен, бұл Аршиді былтыр алғаш көргенде «ойбуууу,мынау қай курстың баласы» деп таңқалғанбыз. Сөйтсек ғылыми тілмен айтқанда, біз секілді «перваш» екен.(одан бері де қанша жыл өтті) Аршынымыз, кең жауырынды,денелі жігіт болғанымен, суырмасаң аузынан сөз шықпайтын, қойдай жуас,момын пенде болып шықты. Бұл алғаш көргендегі көзқарас,әрине.

Группа болып, кабинетте отырмыз. Ұмытпасам, қазір Польшада жүрген ғалым Аманқос ағай бәрімізбен танысып отыр. Іштегі сағыныштың шерін сыздықтатып, туған жерімізді әрқайсымыз танауымыз шелектей болып таныстырып жатқанбыз. «Сен қайдан келдің» десе Аршынымыз «Есіктен» деп қарааап тұр. Келмей жатып,мынауың прикол ұстайын деген ба» деп жалт қарасып қалдық. Қаншама қадалған көзден тайсақтап қалған Аршекең «не ғой…» деп кібіртіктеді де сөзін жалғап әкетті. Сөйтсек, сабазымыздың туған жері Алматы облысындағы,Есік елдімекені екен ғой.

Тағы да Аманқос ағайдың сабағындамыз. 20-30 минут өткенде есік қағылып, алдымен үлкееен бас,артынша Аршын көрінді. Онсыз да тақырыпты таныстырып қойып, бірді айтып, бірге секіріп жүрген «төрүк» ағай, кешігіп жүрген Аршекеңе бағыттай біраз бұрқылдап-бұрқылдап алды да «секірісін» жалғастыра берді. Арада 10-15 минут өткен соң, мүлгіген тыныштықты қайта Аршын бұзды. «Ағай,сыртқа шығып келейінші». Ағай газды енді басты: «Әй,сен менің ойымды бөліп қоймадың ғой, не бар далада,сендердің сұрана беретіндерің қызық ей,бар енді». Сабақтан басқа да маңызды шаруасы бар ма,әлде туалет жақта шаруасы шығып қалды ма Аршекең кетті алшаң басып. 4 минут 59 секунд дегенде қайтып келді. Бұл кезде бағанағы өлі тыныштық жайына қалған. Ағай өзімен-өзі, біз өзімізбен-өзіміз улап-шулап, аудиторияны басымызға көтеріп отырмыз. Ағай «әй,шуламаңдар» деп, ауызша бір-екі баланы «оқудан шығарып» жібергеннен кейін, қайта шулаймыз. Орнына барып отырғаннан кейін, 10-20 секунд өтер-өтпестен қайта тұрды. «ағай, 3 залда сумкам қалып кетіпті,алып келейінші». «Өй,сен…» деп ағайымыз, Құдай білед төрүк рухымен араластырып тұрып сыбады ау деймін. Әйтеуір,арамыздан алғаш болып Әбекеңнің көзіне Аршын түсті.

Бұл жігіттің күші мығым. Қолкүрестен де,күрестен де,бокстан да мықты. Шаршы алаңда қарсыластарымен 36 кездесу өткізіп, оның 15-де қашып жүріп әзер құтылған,12-де амал жоқ тұтылған,4-де нокаутпен құлатсам деген арманы аяқ асты болып, қалған 5 кездесуде араға туған-туыс,құда – жекжатын салып жүріп,жеңіске жетіпті,өзінің айтуынша. Айтпақшы, бокстан кейін Аршын басқа спортқа ауысты. Онда да көп жүрмей, жақында сол үлкен спорттан қол үзді. Әлем мен Қазақстанды былай қойғанда,5 жатақхананың керемет спортшысы екеніне халық,яғни Үмбетәлі мен Байжан куә. Енді Аршын, ол үлкен спортпен қашан қауышары белгісіз. Аршын комнатада оджимание жасайтын. Осылайша, Аршын турасындағы ойларым түгесілмесе де, парақтың түгесілетін түрі бар. Май красовканың Уорд деген өнімі осылайша шағым жасап жатыр. Сау болыңдар! Аршынның портреті деп емес, портретінің шағын бөлігі деп түсініңіздер.