Көшеде ілінген жарнамаларда «ғажап», «керемет» (элитттік), «королдік» деген сөздерді қолданатын болсаңыз, айыппұл төлейсіз. Бөтен ойлап қалып жүрмеңіз, біздің елде емес, Қытайда. Бұл мемлекеттің  өнеркәсіп және сауда-саттық министрлігі осындай сөздері бар жарнамаларға тыйым салды. Ережені бұзушы 30 мың юань, біздіңше айтқанда (доллар дүниежүзінде «біздіңше» боп кеткені қашан) 4,2 мың долларын санап береді.
Айтпақшы, Қытайың әлем бойынша миллиардерлердің саны жөнінен бірінші орында тұр екен. Қытай астанасының әкімі Ван Цишанияның  айтуынша әлгіндей сөздермен түзілген жарнамалар қоғамдағы әлеуметтік үндестікке кері әсер береді. Ван мырзаның пікірімен астаналық депутаттарда бас изеп мақұлдасты: бұл жарнамалар байлар мен кедейлер арасында өшпенділікті ұлғайта түседі екен. Сондықтан жарнама берушілерге әлгіндей теңеулерді қолданудан бас тартуларын бұйырды. «Ең жоғарғы байлық», «ең беделді» секілді сөздер енді «беделдерін» жарнамалардан жоғалтуы мүмкін.

«The China Daily» газетінің жазуына қарағанда, Бейжің әкімшілігінің өнеркәсіп және сауда департаменті аталған жарлық сәуірден бастап күшіне енетіндігін мәлімдеген. «Гедонизмді насихаттауға» және «сырттан әкелінетін лакшери-сыныптағы тауарларға» тыйым салынады. Ерекшеліктеріне орай пайдаланылатын «элиттік», «жоғары сыныпты», «королдік» сөздерінің де басына бұғау салынатын болды.

Қытай сарапшыларының жормалдауынша бұл тыйымның астарында екі түрлі көзқарас жатыр-мыс: Бірі – байлар мен кедейлердің арасындағы әлеуметтік қысымды төмендету болса, екінші жағынан – жарнаманың барабарлығын арттырып, тауар мен қызмет көрсетуді жоғарылату.

«Біздің клиенттер, өздерінің жылжымайтын мүліктерін жарнамалаған кезде, «элитті», «эксклюзивті» деген сөздерді пайдаланады. Себеп  жарнамадағы сөздермен шынайы сапасының мүлде кереғар екендігінде болса керек». Осылай деген Пекин университетінің әлеуметтанушысы Xia Xueluan әкімшіліктің бұл шешімін қуана құптапты. Ол көптеген жарнамалық образдар даңғойлық пен есіруді насихаттайды, бұл мүлде бүгінгі уақыттың талабына сай емес, керісінше Қытай қоғамының дәстүрлі құндылығын аяққа таптау деп санайды.
Қытай халқының нақты табысын статистикамен сөйлету қиынға соғып отыр. Болжам бойынша 150 млн адам күніне 1 доллармен ғана күнелтетін көрінеді.
Бүгінгі таңда көптеген сарапшылардың берген бағасына сәйкес Қытай миллиардерлері әлемде ақша қоры жөнінен бірінші орынға шыққан. Forbes-тің бағалауы бойынша, 1210 доллар миллиардерлерінің 413-ы АҚШ азаматтары болып табылады. 115 кәсіпкер Қытайда туып, артынша Ресейге кеткен. Соңғы жылдары Қытайдағы қалталылардың саны 47 пайызға өскен.

<!–

–>