Біздің группада Асқарбек деген жігіт бар. Өзі – өнерлі. Қай жағынан да. Ауылда шалғымен егінді жапырып жатқан көрініс есіңізде бар болар. Асекең де солай. Бірақ, жайқалып өскен егінді емес. Жайқалып жүрген аруларды жапырудан алдына жан салмайды. Бұл бір өнері. Екіншісі – күй тартатындығы. Домбыраның қос ішегіне кезек-кезек тиіскен кезде, кешегі Құрманғазының ксерокопиясы ғой деп таңғаласың. Түр жағынан емес, әрине. Бірақ түр жағынан да ұқсап қалады ау, егер иегіндегі сақалын сәл қалыңдатар болса. Сәл-пәл сыраның көңілін қалдырмайтын өнерін айтпағанның өзінде, көрдіңіз бе өнер деген жетіп артылады. Сонымен, Ұлытау ұланының негізгі өнеріне келейік. Ол – сабақтан керемет сұранатындығы. Алдымен екі қолы кезек-кезек өзінің ырқына көнбей, қасқа тістері еріксіз алыстан көз тартып, апайдың(ағайдың) алдына келеді.Сұрануының себеп-салдарын сонау Қазақ хандығының құрылған кезінен бастап, түсіндіріп жіберген кезде, менмін деген апайыңның өзі, сұлу сөздерге арқа-басы кеңіп, бара бер дегеннен әрі аса алмай қалады. Анда-санда сұрануының себептерінің ішіне «ректоратты» қосып жіберген кезде,өңі нұрланып,кез-келген ұстаздың басын айналдырып тастайды. Әлгі «ректоратты» қосқан соң, құрсын деп жібере сала ма, әлде Асекеңнің гипнозынан шыға алмай қала ма әйтеуір рұқсатын беруге мәжбүр. Сосын, салден сон, «ректораттын» жұмыстарымен басы катып жүрген Асқарбекті көзіңіз шалады: Қасында топырлаған қыздар. Асекең әр сабақ сайын,сылтауларын жаңартып отырады. Бірде – Адырна,бірде – Дарабоз,дегенмен негізгі көзірі – жарықтық «ректорат». Осыдан соң, есіме еріксіз, өзі сұранып тұрған мақал оралады: «Асқарбек пен Ректорат егіз ұғым». Олай демеске шараң жоқ. Кейде сұранғанын жуып-шайған болып, Мұқағали көкесінің бір-екі өлеңін «пехайт» ете салады. Кейін Асқарбекте, ғайыптан тайып журфакка ұстаз болар болса, алдынан талай-талай сұранғыштар өтер-ау. Сол кезде «ректоратты» қол бала қылатын ізбасарын іздейтін шығар біздің Дон Жуекең.